wrapper

Жаңалық

Қымбатты аудан тұрғындары!

 Баршаңызды айбынды мереке – 30 тамыз  Қазақстан Республикасының  Конституциясы күнімен құттықтаймын!

  Тәуелсіз еліміздің  тұңғыш Конституциясы 1993 жылғы 28 қаңтарда Қазақстан  Республикасы  Жоғарғы  Кеңесінің  9-шы  сессиясында қабылданған болатын. 

 Алайда, Республика жұртшылығының қолдауымен Ата Заңымыз  бірқатар елеулі өзгерістермен республикалық референдумда  1995 жылы 30 тамызда қайта қабылданды. Содан бері 30 тамыз - еліміздің айшықты мерекесі  ретінде  жыл сайын ұлықталып келеді.

 Конституция – мемлекетіміздің  өркендеуіне қол жеткізген, зайырлы және құқықтық ел екенімізді айқындайтын басты құжат.

 Осы  тәуелсіз мемлекетіміздің  Ата Заңының қабылданғанына  биыл ширек  ғасыр  болып  отыр.

 Кезінде  қазақ   хандығында  «Есім ханның ескі жолы», «Қасым ханның қасқа жолы», «Әз – Тәукенің жеті жарғысы» болып, сол арқылы халық арасында билік жүргізілгені мәлім.

 Мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін талқылау  және шешу кезінде құқықтық санасы жоғары әрбір азамат Ата  Заң алдында  жауапкершілікті сезінуі тиіс. Конституциямызды құрметтеу, оның маңыздылығына мән беру – әрбір Қазақстан Республикасы  азаматының міндеті мен парызы.

 Республика  жұртшылығы секілді Қазығұрт ауданының тұрғындары да өркениеттілік принциптерін ұстанған Ата Заңымыздың болашағына үлкен сенім артып, үлкен үміт күтеді.

 Бүгінгі атаулы мерекені  аудан еңбеккерлері елеулі табыспен қарсы алып отыр. Дихандарымыз егін орағын аяқтап, келесе  жылдың  қамымен  жүрсе, малшыларымыз өз төлі есебінен мал басын көбейтіп, одан мал өнімін өндіруде.  Құрылысшыларымыз уақытты үнемді пайдаланып, әлеуметтік нысандарды  мезгілінде  пайдалануға  беру  үшін  қажырлы еңбек етуде.

Қымбатты жерлестер!

 Ата Заңымыздың 25 жылдығы мерейлі мерекесімен шын жүректен құттықтап, барлықтарыңыздың жанұяңызға бақыт, еңбектеріңізге табыс тілеймін

Пікір қалдыру

Қазақстандағы цифрлық телевидение

images/Habarlandru/2.jpg

We have 48 guests and no members online

Байланыс желілері

Қазығұрт ауданы әкімі аппаратының байланыс желілері

 

Блог

Армысыздар, Түркістан облысының  Қазығұрт ...
Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Green Red Radian
Select menu
Google Font
Body Font-size
Body Font-family