wrapper

Жаңалық

ҚАЗЫҒҰРТТЫҚ КӘСІПКЕР АУДАНДЫҚ АУРУХАНАҒА ЖАСАНДЫ ТЫНЫС АЛУ АППАРАТЫН АЛЫП БЕРДІ

 

Қазығұрттық кәсіпкер Ерлан Досанбаев аудандық орталық ауруханаға 5 дана оттегі концентраторын тарту етті. 

 

«Індеттің таралуына байланысты елдегі ахуал күрделеніп отыр. Науқастар ауруханаға көп келуде. Дәрігерлер күні-түні аянбай еңбек етуде.  Құрылғының мүмкіндігі зор. Енді дәрігерлер емделушілерге оттегі концентраторының көмегімен уақтылы жәрдем көрсете алады» – деп аудандық аурухананың бас дәрігері Б.Ережепов қол ұшын созып жатқан кәсіпкерге өз ризашылығын білдірді. 

 

Барлық жағдайды ескере отырып, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 05-19 шілде аралығында «Қатаң карантиндік шектеу шараларын енгізу туралы қаулысы» жарияланған болатын. Шектеу шараларының барлығы адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін қабылданды.  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өз үндеуінде бұл індетті ел болып, бірлескен күш-қуатпен жеңеміз – деп айтып өткен болатын. Осындай күрделі кезеңде ауданымыздан шыққан жанашыр азаматымыз, елін ұмытпай үлкен көмек көрсетіп отыр. Игі іс жасаған азаматымызға ауданымыздың атынан алғысымызды айтамыз.

Пікір қалдыру

Қазақстандағы цифрлық телевидение

images/Habarlandru/2.jpg

We have 21 guests and no members online

Байланыс желілері

Қазығұрт ауданы әкімі аппаратының байланыс желілері

 

Блог

Армысыздар, Түркістан облысының  Қазығұрт ...
Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Green Red Radian
Select menu
Google Font
Body Font-size
Body Font-family