wrapper

Жаңалық

Түркістан облысында пандемия кезінде мал сатуға арналған сайттардың саны артқан. Ауыл шаруашылығы саласының мамандары карантиндік жағдайды ескеріп, делдалсыз сауда дамыған сайттардың көбейгенін қолдауда. Ал мал базарларының жабылуы елдегі ет бағасының өсуіне еш әсер етпейді. Түркістан облысындағы карантиннің шектеу шаралары жайлы өткен брифингте сала мамандары осылай деді.

Облыс бойынша 8 айда 138,1 мың тонна ет өндірілген. Бұл елімізде өндірілген еттің 12 % үлесін құрайды. Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, Түркістан облысында еттің бағасы тұрақты. Өндірілген ет облыс халқын толық қаматамасыз етеді.

Пандемия кезінде мал базарларын ашу – жағдайдың ушығуына әкеп соғады. Облыстың бас санэпидемиологының айтуынша, көрші мемлекеттерде індеттің белең алуына байланысты облыстағы сақтық шаралары қайта күшейітілуі мүмкін. БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берген мамандар, вирустың ең көп тарайтын аумағы адам шоғырланатын орындарда екенін баса айтты.

«Мал базарларында шамамен 7 мыңдай ірі қара сатылса, оны алуға келетіндер мен сатушылардың санын қосыңыз. 20 мың адам жиналған жер нағыз індеттің ошағына айналады. Мұндайда карантин талаптарының сақталуы екіталай. Оның үстіне өзге елдерден тасымалдаудың өзі қауіпті еселей түседі»,-деді Түркістан облыстық тауарлар және қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Нышанов.

Пікір қалдыру

Қазақстандағы цифрлық телевидение

images/Habarlandru/2.jpg

We have 18 guests and no members online

Байланыс желілері

Қазығұрт ауданы әкімі аппаратының байланыс желілері

 

Блог

Армысыздар, Түркістан облысының  Қазығұрт ...
Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Green Red Radian
Select menu
Google Font
Body Font-size
Body Font-family