wrapper

Жаңалық

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласындағы құрылысы аяқталуға жақын нысандарды аралап көріп, мердігер компаниялардың  жауапты өкілдеріне бірқатар тапсырмаларды жүктеді. Аймақ басшысы оларға бекітілген кестеден ауытқымауды ескертті.

Ең алдымен өңір басшысы әкімшілік-іскерлік орталығындағы  департаменттер ғимаратында болды. Бүгінде жихаздарды орналастыру жұмыстары толығымен аяқталды. Нысанның құрылыс жұмыстарына 150 адам жұмылдырылып, екі ауысымды жұмыс ұйымдастырылған. Ғимаратты жақында пайдалануға тапсыру жоспарланған.

Өмірзақ Естайұлы бұдан соң «Керуен сарайдың» құрылыс аумағында болды. Керуен сарайдың  сыртқы қасбеті және ішкі әрлеу, бөлмеаралық қыш қалау жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда, нысан құрылысында 920 жұмысшы еңбектенуде.

Облыс әкімі заманауи үлгіде салынып жатқан Хэмптон қонақ үй кешенінің жұмыс барысын да бақылады. Қазіргі таңда қонақ үйдің конструкциясын тұрғызу, шатыр жұмыстары, қасбет, ішкі әрлеу, бөлмеаралық қабырға жұмыстары жүргізілуде.

Өмірзақ Шөкеев сонымен қатар Конгресс хол, «Ұлы дала елі», драма театр мен «Rixos Turkestan» қонақ үйі және  Қ.А. Ясауи кесенесінің айналасында жүріп жатқан ауқымды жұмыс барысын тексерді.

Пікір қалдыру

Қазақстандағы цифрлық телевидение

images/Habarlandru/2.jpg

We have 39 guests and no members online

Байланыс желілері

Қазығұрт ауданы әкімі аппаратының байланыс желілері

 

Блог

Армысыздар, Түркістан облысының  Қазығұрт ...
Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Green Red Radian
Select menu
Google Font
Body Font-size
Body Font-family