wrapper

Жаңалық

Мақтаарал ауданында тасқын судан зардап шеккен екі мектеп оқу жылына дайын. Сардоба су қоймасының жарылуы салдарынан Түркістан облысы, Мақтаарал ауданындағы Жаңажол ауылдық округіне қарасты Өргебас және Фирдоуси елді мекендеріндегі екі мектепті су басып, зақым келген болатын. Ғимараттар толық күрделі жөндеуден өтіп, бүгінде жаңа оқу жылына дайын.

Қайта жөндеуден өткен білім ұяларының даярлығы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевке ауданға іссапары барысында таныстырылды. Аймақ басшысы әр мектепті жеке-жеке аралап көрді. Өргебас ауылының Қасым Аманжолов атындағы жалпы орта мектебінде 300-ге жуық оқушы білім алса, Фирдоуси атындағы орта мектепте 700-ден астам бала оқиды. Оның ішінде аз қамтамасыз етілген отбасы балалары компьютерлік техникалар және планшеттермен қамтамасыз етілген. Білім ұялары интернет жүйесімен толық қамтылған.

Жалпы, республикалық резервтен бөлінген қаражатқа Мақтаарал ауданындағы оқушылар үшін 4900 компьютерлік техника таратылада. Сапар барысында Өмірзақ Естайұлы балалардың сапалы білім алуы үшін барлық жағдай жасалуы қажеттігін қадап айтты.

Пікір қалдыру

Қазақстандағы цифрлық телевидение

images/Habarlandru/2.jpg

We have 16 guests and no members online

Байланыс желілері

Қазығұрт ауданы әкімі аппаратының байланыс желілері

 

Блог

Армысыздар, Түркістан облысының  Қазығұрт ...
Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Green Red Radian
Select menu
Google Font
Body Font-size
Body Font-family