wrapper

Жаңалық

Түркістан облысында дәрі-дәрмек қажеттілігіне байланысты арнайы "Дәріхана" бағдарламасы іске қосылған болатын. Бүгінде мобильдік қосымшаны облыс тұрғындары тиімді пайдалана бастады. Мәселен, қосымшаға 35 мыңға жуық азамат тіркеліп, өзіне қажетті дәрі-дәрмектерді оңай табуға мүмкіндік алған. Айталық, шілде айының 14-23 күндері аралығында қосымшадан тұрғындардың 187 311 рет дәрі-дәрмек іздегені белгілі болды. Сондай-ақ, қосымшада кейбір медициналық препараттарға сұраныс артып, халықтан мыңнан астам өтініш келіп түскен. Жалпы облыс көлемінде бағдарламаға 7 дәріхана іздеу жүйесіне қосылса, 531 дәріхананың тізімдері мен мекен-жайлары енгізіліген.

 

Айта кетейік, бұдан былай түркістандықтар дәріхананың мекен-жайын, байланыс нөмірін және іздеген дәрісінің бары-жоғын қосымша арқылы біле алады. Қажетті дәрі-дәрмекке анкета толтыру арқылы сұраныс жасап, ал ондағы азамат жайлы мәлімет 48 сағатта жойылатын жүйе де қарастырылған. Осылайша кез-келген азаматтың өзіне қажетті дәріні оңай табуға мүмкіндік туып отыр. Сондай-ақ, дәрі бағасының негізсіз көтерілуі сынды жағдайлар орын алған болса да, "Шағымдану" бөлімі арқылы шағым жасауға мүмкіндігіңіз бар.

Пікір қалдыру

Қазақстандағы цифрлық телевидение

images/Habarlandru/2.jpg

We have 20 guests and no members online

Байланыс желілері

Қазығұрт ауданы әкімі аппаратының байланыс желілері

 

Блог

Армысыздар, Түркістан облысының  Қазығұрт ...
Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Green Red Radian
Select menu
Google Font
Body Font-size
Body Font-family