wrapper

Жаңалық

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев облыс орталығындағы қазаны қайнаған құрылыс алаңдарын аралады. Құрылыс басында карантин талаптары қатаң сақталған. Кей нысандарда жұмыс үш ауысымға көшкен. Басым бөлігінде құрылысы аяқталған нысандардың айналасын абаттандыруға күш салуда. 

 

Облыс басшысы биыл қолданысқа берілетін басқармалар үйі, Конгресс - холл, жаңа мешіт, дендробақ, желілік саябақ, драма театр, облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана, Ұлы дала елі, Қолөнершілер орталығы, Тұңғыш Президент саябағы мен Қожа Ахмет Ясауи мұражайы нысанының құрылысында болып, жұмысшылармен кездесті. Жұмыс кестеге сәйкес жүруде. Жауаптылар аймақ басшысынан нақты тапсырмалар алды.

 

Түркістан қаласындағы орташа жол жөндеу жұмыстары да тынымсыз жүріп жатыр. Биылғы жол инфрақұрылымын дамыту мақсатында инфрақұрылымы толық аяқталған 111,13 шақырым құрайтын 81 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Көшелерде сарқынды су жүйесіне арналған футляр орнату, жол негізін даярлау, аяқ жолдардың жиектастарын орнату жұмыстары қоса жүргізілуде.

 

Қала орталығындағы Бекзат Саттарханов даңғылы бойында орналасқан «Керуен сарайы» кешенінің тұсында айналма жолдың құрылысы да  аяқталуға жақын. Жол төселіп, веложолдың және тротуар орналастыру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, қаланың орталық көшелеріне 30 аялдама орнатылады. Бүгінде жеңіл конструкциялы заманауи 9 аялдама қаланың басты көшелеріне қойылды.

Пікір қалдыру

Қазақстандағы цифрлық телевидение

images/Habarlandru/2.jpg

We have 18 guests and no members online

Байланыс желілері

Қазығұрт ауданы әкімі аппаратының байланыс желілері

 

Блог

Армысыздар, Түркістан облысының  Қазығұрт ...
Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Green Red Radian
Select menu
Google Font
Body Font-size
Body Font-family