wrapper

Жаңалық

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев коронавирус дертіне байланысты оңтүстікке кіріп-шығуды тәулік бойы қадағалау үшін ашылған арнайы жасақталған бекетте болды. Жамбыл облысынан Түлкібас ауданына кіреберістегі «Шақпақ» бекетінде орнатылған блок-пост арқылы Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Жамбыл облысынан келетін барлық автокөліктер жүріп өтеді. Күре жолдың бойында ашылған арнайы бекетте полиция мен дәрігерлер әрбір көлікті тоқтатып, арнайы құрылғымен азаматтардың дене қызуларын өлшеп, тексерістен өткізуде. Елдегі төтенше жағдайға байланысты ашылған арнайы бекеттің жұмысын тексеріп, тұрғындармен тілдескен облыс әкімі Түркістан облысының халқына арнайы мәлімдеме жасады.

«Құрметті жерлестер, аудан тұрғындары! Күні кеше Елбасы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н. Назарбаев халыққа Үндеу жариялап, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Үкімет тарапынан іске асырылып жатқан шбекұғыл шараларды қолдауға шақырды. Елбасы қиын кезеңде ел-жұртқа көмектескісі келетін және жәрдем бере алатын адамдардың қаражаты жинақталатын Республикалық қор құруды ұсынды. Біздің облыста Арыстағы төтенше жағдай орын алған кезде нәтижелі жұмыс істеген «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қоры бар. Елбасының тапсырмасына орай, аталған қорға облыс әкімдігі, басқармалар мен оған қарасты мекемелер бүгін бір күндік жалақыларын аударады. Бастаманы қолдаған бизнес өкілдері тарапынан да қорға ақша аударылатын болды», – деді Өмірзақ Шөкеев.

Төтенше жағдайға байланысты «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қорының жанынан қамқоршылық кеңесі құрылды. Қамқоршылық кеңесінің құрамына «Nur Otan» партиясы, кәсіпкерлер, ардагерлер кеңесінің өкілдері кіреді. Бұл қор облыстағы аз қамтамасыз етілген отбасыларға азық-түлік пен гигиеналық заттар бөледі. Қажетті заттарды таратуға еріктілер, «Жас Отан» жастар қанаты белсеніп отыр.

Облыстағы ахуалды тұрақты сақтау үшін 18 наурыздан бастап Алматы және Қызылорда бағытындағы шекаралық аймақтардағы «Сауран» және «Шақпақ» бекеттерінде короновирус дертіне байланысты тәулік бойы жұмыс істейтін блок-посттар қойылды. Екі тәулік ішінде «Шақпақ» бекеттері арқылы өткен 6000-ға жуық адам тексерілген. Блок-постта арнайы 4 тепловизор орнатылған. Шұғыл әрекет ету мақсатында 30-ден астам дәрігер, медициналық жедел-жәрдем қызметінің бригадасы да жұмылдырылып отыр.

Түркістан облысындағы барлық ауруханаларда коронавирустың таралуына жол бермеу шаралары күшейтілді. Емдеу мекемелері жаппай карантинге көшкен. Төтенше жағдай жарияланған сәттен, облыста провизорлық госпитальдар ашылып, бұл мекемелерде қазіргі таңда карантинде 30 адам жатыр. 18 адам дәрігерлік тексеруден кейін үйлеріне шығарылды.

Облыста індетке қарсы жұмыс істейтін ахуал орталығы жұмысын бастап, күнделікті баспасөз-конференциясы өтуде.

«Алаңдауға негіз жоқ. Түркістан облысының аумағында коронавирус тіркелген жоқ. Сақтық шаралары күшейтілген тәртіпте жүріп жатыр. Азық-түлік қоры жеткілікті, бағаларды негізсіз өсіруге жол бермейміз. Құрметті жерлестер! Дәл қазір бүкіл әлем қиын кезеңде тұр. Алайда, біз бұл қиын-қыстау уақыттан да бірлік пен ынтымақтың арқасында аман-есен өтеміз деп сенемін! Қазіргі таңда бізге тыныштық керек, жалған ақпараттарға сенбеңіздер. Ресми ақпарат пен бұқаралық ақпарат құралдарына ғана сеніңіздер. Біз күнделікті жағдайды қатаң бақылауда ұстап отырмыз. Біз біргеміз!», – деп түйіндеді Өмірзақ Естайұлы.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Түлкібас ауданындағы темір жол вокзалындағы қолға алынған сақтық шараларын пысықтады. Жауапты сала мамандарының жұмылдыруымен шойын жол бекеттерінде жер жаһанда үрей тудырған қауіпті індеттің таралуына жол бермеу үшін арнайы тексеру орны жасақталған. Екі тәулік 16 пойыз жүріп өтіп, 200-ден астам жолаушы тексерілген. Барлығы дін аман.

Пікір қалдыру

Қазақстандағы цифрлық телевидение

images/Habarlandru/2.jpg

We have 13 guests and no members online

Байланыс желілері

Қазығұрт ауданы әкімі аппаратының байланыс желілері

 

Блог

Армысыздар, Түркістан облысының  Қазығұрт ...
Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Green Red Radian
Select menu
Google Font
Body Font-size
Body Font-family