wrapper

Жаңалық

Облыс орталығында Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Әкелер» форумы өтті. Шараны Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің жанынан құрылған «Әкелер мектебі» ұйымдастырды.

Форумның мақсаты - әкелер мектебін құру арқылы отбасы кұндылығын сақтау, әкелердің бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру. Отбасындағы әкенің міндеттері мен жауапкершілігін қалыптастыра отырып, ер балаларды ұлттық рухта тәрбиелеп, әдеп-ғұрыпты, салт-дәстүрді насихаттап санасына сіңіру.
Тәрбиелік мәні зор шара әкелер қолынан жасалған ұлттық қолөнер бұйымдарының көрмесімен басталды.
Басқосуға облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, облыстық ардагерлер кеңесінің төралқа мүшелері, облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рахымбек Жолаев, облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Дамир Жүнісов, Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің вице-президенті, философия ғылымдарының докторы, профессор Әміреқұл Абуов, қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор Мырзагелді Кемел, М.Әуезов атындағы ОҚМУ жастар тәрбиесі орталығының директоры, саясаттанушы, философия ғылымының кандидаты Сәкен Мәжінбеков, аудандық, қалалық ардагерлер кеңестерінің төрағалары, аудандық, қалалық «Әкелер мектебі» төрағалары, жастар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Облыс өңірінде алғаш қолға алынып отырған жаңа қоғамдық құрылымды бұхара халыққа кең түрде таныстырып, насихаттау мақсатында Түркістан облыстық ардагерлер кеңесі облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасымен келісім шартқа отырып, ұрпақ тәрбиесі барысындағы шараларды бірлесе атқаруды көздеп отыр.
«Әкелер мектебі – тәрбие мектебі», «Әке жолы – ізгі жол», «Әке - өнеге», «Отбасы – ұлағат ұясы» атты тақыпыртар аясында баяндамашылар өз ойларын ортаға салып, еркін форматта пікір алмасу болды.
Форумда облыстың аудан, қалаларынан шақырылған 16 әкеге «Үлгілі әке» лентасы тағылып, заттай сылық және облыс акімдігінің Грамотасы, сондай-ақ 16 әкеге «Өнегелі әке» номинациясымен облыстық ардагерлер кеңесінің алғыс хат, заттай сыйлығы тапсырылады.

Пікір қалдыру

Қазақстандағы цифрлық телевидение

images/Habarlandru/2.jpg

We have 34 guests and no members online

Байланыс желілері

Қазығұрт ауданы әкімі аппаратының байланыс желілері

 

Блог

Армысыздар, Түркістан облысының  Қазығұрт ...
Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Green Red Radian
Select menu
Google Font
Body Font-size
Body Font-family