wrapper

Жаңалық

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ АУМАҒЫНАН ҚАЛААРАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ШЫҒАРЫЛМАЙДЫ

2020 жылдың 22 мамырында карантиндік режимге қарамастан жолаушыларды жинап Түркістан қаласынан Алматы қаласына заңсыз сапарға шыққан автобусқа Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ұйымдастыруымен тосқауыл қойылып, құзырлы органдармен тиісті шара көрілді. Сондықтан басқарма мамандары карантиндік режимді бұзбауға шақырады.

Айта кетерлігі, жолаушылар тасымалы қызметін жалғастырып жатқан көліктер облыс аумағынан шығарылмайды.Ол үшін Сауран және Шақпақ блок-бекеттерінде тосқауыл қойылған.

Ескеретін жайт, «Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы» ҚР Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 Жарлығына сәйкес, елімізде төтенше жағдай жарияланып, карантиндік режим енгізілген болатын. Бүгінде төтенше жағдай режимі аяқталғанымен, карантиндік режим күшінде қалып отыр.

Бұл ретте, Түркістан облысы аумағындағы көлік нысандарының (теміржол вокзалдары, автовокзалдар, автобекеттер т.б.) қызметтері уақытша тоқтатылған. Сонымен қатар, халықаралық, республикаішілік бағыттар бойынша қоғамдық көліктер мен жолаушылар тасымалымен айналысуға тыйым салынып отыр.

Толығырақ

МАҚТААРАЛ: 1300-ДЕН АСТАМ ОТБАСЫ 1 МЫҢ ДОЛЛАРЛЫҚ ӨТЕМАҚЫНЫ АЛЫП ҮЛГЕРДІ

Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға Ә.Усманов қорынан 5 млн 202 мың АҚШ доллары 5202 жанұяның (30 420 адам) есепшоттарына аударылады.Бүгінде бұл қаржыны 1308 отбасы алып үлгерді. Тұрғындарға бүгінгі таңда 4638 банк картасының 90 пайызы таратылды. Қалған отбасыларға қаржы алдағы уақытта аударылатын болады. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаевпен өткен тікелей эфирде облыстық қаржы басқармасының басшысы Әбдірахман Тасыбаевмәлімдеді.

«Ә.Усманов қорынан аударылатын 1 мың АҚШ доллар өтемақыны Мақтаарал ауданындағы 2 ауыл округінде орналасқан 13 ауылдың тұрғындары алады. Атап айтқанда, Еңбекші ауыл округіндегі: Мырзакент, Жаңатұрмыс, Т.Жайлыбаев, Нұрлы таң, Шұғыла, Жантақсай ауылдары және Жаңажол ауыл округіндегі: Нұрлы жол, Жеңіс, Фердауси, Достық, Өргебас, Арайлы Ақжол ауылдары. Тұрғындардан артық құжат талап етілмейді, мекен-жай анықтамасы не ауыл тұрғыны екенін растайтын құжат болуы қажет», - деді басқарма басшысы.

Бұған дейін Мақтаарал ауданындағы су басқан Жаңатұрмыс, Жеңіс, Фердауси, Достық, Өргебас елдімекендерінде тұратын әр отбасыға Үкіметтің резервінен 100 мың теңгеден берілетіндігі айтылған. Бұл мақсатта Үкіметтен 650 млн теңге бөлініп отыр.Ол аудан әкімдігінің мәліметіне сәйкес, 846 үйдің 6128 адамына төленетін болады.

Тікелей эфир соңында Бейсен Дәулетұлы зардап шеккен тұрғындарға өтемақыны төлеу бойынша халыққа түсіндіру жұмыстары жанданып, азаматтардың өтініштері мұқият қаралу керектігін баяндады.

Толығырақ

ТҮРКІСТАН: ДАЛАДА ҚАЛҒАН 28 МАҚТААРАЛДЫҚ ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛАДЫ

Мақтаарал ауданындағы балабақша, монша мен апатты жағдайдағы жатақханада тұрған 28 отбасына жаңа ықшам ауданнан баспана салынатын болды. Бұл туралы Үкімет Басшысы Асқар Мамин бүгін су алған ауылдарға келген жұмыс сапары барысында мәлімдеді.

Бос тұрған ғимараттарды еш құжатсыз пана қылыпкелген жандар енді жаңа баспанаға ие болады. Олардың барлығы су басқан ауылдардың тұрғындары. Баспана тауқыметін тартқан отбасылардың айтар алғысы шексіз.

Айта кетейік, ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы қалпына келтіру жұмыстарын тексерді. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Үкімет Басшысына Мақтаарал ауданындағы қалпына келтіру жұмыстарының барысын таныстырды. Сондай-ақ, олар Мырзакент ауылында су тасқыны салдарынан зардап шеккен Жеңіс, Жаңатұрмыс, Достық ауылдарының 500 отбасыға арналған жаңа шағын ауданның құрылысын аралады.

Толығырақ

ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ А. МАМИН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДАҒЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫН ТЕКСЕРДІ

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Түркістан облысына жұмыс сапары аясында Мақтаарал ауданындағы қалпына келтіру жұмыстарының барысын, сондай-ақ Түркістан қаласында инфрақұрылымның салынуын тексерді.

Мақтаарал ауданында Үкімет басшысы тұрғындармен кездесулер өткізіп, Нұрлыжол және Өргебас ауылдарындағы қираған тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстарының барысымен, сондай-ақ Мырзакент ауылында су тасқыны салдарынан зардап шеккен Жеңіс, Жаңатұрмыс, Достық елді мекендерінен 500 отбасыға арналған жаңа шағын ауданның құрылысымен танысты.

Түркістан қаласында А. Мамин жаңбырлатып суару технологиясын енгізумен ауыл шаруашылығындағы ирригация желілерін жаңғырту және тұрғындарды ауыз сумен қамту жұмыстарымен танысты.

Үкімет басшысы Түркістан қаласындағы жетекші ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің егіс алқаптарын, материалдық-техникалық базасы мен өнімдерін көріп, жергілікті фермелермен кездесуде өңірдегі агроөнеркәсіп бизнесін одан әрі дамыту бойынша жоспарды талқылады.

Премьер-Министр Түркістан қаласындағы көлік, әкімшілік, әлеуметтік-мәдени және туристік инфрақұрылым нысандарын салу жұмыстарының барысын тексерді.

Толығырақ

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢЫ ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАНДЫ

Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Мырзакент кентіндегі құрылыс алаңы дезинфекцияланды. Бұл шаралар әртүрлі инфекциялық аурулардың ел ішінде таралуын болдырмау және далалы жерде кездесетін қан сорғыш жәндіктерді жоюға бағытталған. Бұл туралы аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бөлім басшысы Гаухар Сәулебекова мәлімдеді.

«Қазіргі таңда Мырзакент кентінде жаңадан елдімекен бой көтеріп, онда 500-ден астам үй салынып жатқаны баршаға белгілі. Осыған байланысты қауіп қатерді болдырмау үшін залалсыздандыру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Далалы жерлерде кене, бүрге сияқты зиянды жәндіктер жиі кездесетіні белгілі. Сондықтан құрылысшылардың және болашақта осында көшіп келетін халықтың қауіпсіздігі үшін профилактикалық шараларды іске асырылуда», – Г.Шырынқызы.

Құрылыс алаңына арнайы дайындалған дәріні шашу үшін 3 маман жұмылдырылған. Айта кетейік, бұған дейін арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген қызметкерлер су басқан Фирдоуси және Өргебас ауылдарында залалсыздандыру жұмыстарын жүргізілген болатын. Алдағы күндері қалған елдімекендерде де профилактикалық шаралар қолға алынатын болады.

Толығырақ

ТҮРКІСТАНДЫҚТАР «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН БАСПАНАЛЫ БОЛА АЛАДЫ

«2-10-20» әлеуметтік «Бақытты отбасы» бағдарламасына құжат қабылдау басталды. Түркістан облысы тұрғындарына өзі тұратын аймақтан, аудан орталықтары не Түркістан, Кентау қалаларынан баспана сатып алуға мүмкіндік берілді. Шарт бойынша, болашақ үй иесінің және бірге тұратын отбасы мүшелерінің атында баспана болмауы тиіс.

Табысы төмен отбасыларға тұрғын үй сатып алуға арналған несиелендіру бағдарламасына үй кезегінде тұрған көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар және мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасылар ғана қатыса алады. Түркістан облысында кезекке тіркелген азаматтардың үлесіне 400-ден астам пәтер бөлінген.

Тұрғындар «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен» келісім шартқа отырулары тиіс. Банк 10 миллион теңгеге дейін несие береді. Несиенің жылдық мөлшерлемесі - 2%, бастапқы жарна -10%, несие 20 жылға дейін беріледі.

www.hcsbk.kz сайты арқылы не кез-келген ұялы телефоннан 300 (Қазақстан бойынша тегін) нөміріне хабарласып кеңес алуға болады.

Толығырақ

ТҮРКІСТАН: COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫНАН ЖАЗЫЛҒАНДАР САНЫ 146-ҒА ЖЕТТІ

Коронавирус жұқтырған тағы 16 науқас сауығып,ауруханадан шықты. Дертінен сауыққан азаматтардың жас ерекшеліктері 3 жастан 67 жасқа дейін.

Жазылған азаматтар Түркістан және Арыс қалалары мен Ордабасы, Қазығұрт, Сарыағаш аудандарының тұрғындары. Барлығы да Covid-19 инфекциясын жұқтырған азаматтармен қарым-қатынаста болған.

Науқастар екі аптадан астам уақыт жұқпалы аурулар бөліміндерінде ем қабылдап, сынама қорытындылары теріс нәтиже көрсетуіне байланысты үйлеріне шығарылды.Барлығының жағдайы қанағаттанарлық,шағымдары жоқ.

Жалпы,Түркістан облысы бойынша коронавирус инфекциясынан 146 адам жазылды.

Толығырақ

ҮКІМЕТТІК КОМИССИЯ МАҚТААРАЛҒА КЕЗЕКТІ РЕТ КЕЛД

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр жұмыс сапарымен Мақтаарал ауданына келді. Ең алдымен Роман Скляр Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевпен бірге Өргебас ауылына ат басын бұрып, ондағы үйлерді судан тазарту жұмыстарының барысымен танысты.

Естеріңізге сала кетейік, таяуда Мақтаарал ауданындағы орын алған төтенше жағдайға байланысты арнайы үкіметтік комиссия құрылған болатын. Оны бүгінде премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр басқарады. Аталған комиссия қазіргі таңда аудандағы топан судан келген барлық шығындарды есептеу жұмыстарын жүргізуде.

Үкіметтік комиссия төрағасы мұнан соң Фирдауси ауылына барды. Ондағы су тарту, үй аулалары мен көше бойларын тазарту жұмыстарымен танысты. Бүгінде мұнда топан су құрсауында қалып, қабырғалары құлаған үйлерді бұзу жұмыстары да қыза түскен. Сонымен қатар ауылда инженерлік, көлік, әлеуметтік инфрақұрылымдар ретке келтірілуде.

Мұнан соң премьер-министрдің орынбасары Мырзакент маңындағы 70 гектар аймақтағы жаңа мөлтек ауданның құрылыс жұмыстарын аралап көрді. Жаңа шағын ауданның құрылысына 32 мердігерлік ұйым тартылған, 313 үйде құрылыс жұмыстары басталды. Құрылыс алаңында 900-ге жуық құрылысшы мен 70 арнайы техника құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуде. Осындағы мердігер компания басшыларымен кездескен премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр салынып жатқан үйлердің сапасына мән беріп, межеленген мерзімде бітіруді тапсырды.

Сапар барысында премьер-министрдің орынбасары облыстық штабта үкіметтік комиссияның отырысына қатысты. Жиында Мақтаарал ауданындағы топан су құрсауында қалған ауылдардағы төтенше жағдайдың зардаптарын жою жұмыстарының барысы талқыланды. Отырысты қорытқан Р. Скляр мақтааралдық тұрғындарға өтемақы төлеу жұмыстарын жеделдетуді және топан су зардаптарын жою жұмыстарын сапалы аяқтаудытапсырды.

Толығырақ

Қазақстандағы цифрлық телевидение

images/Habarlandru/2.jpg

We have 19 guests and no members online

Байланыс желілері

Қазығұрт ауданы әкімі аппаратының байланыс желілері

 

Блог

Армысыздар, Түркістан облысының  Қазығұрт ...
Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Green Red Radian
Select menu
Google Font
Body Font-size
Body Font-family