wrapper

Жаңалық

1.      «БЖЗҚ» АҚ  филиалдары  қазір қалай жұмыс істеуде? 

 

Қазақстанда соңғы аптада осыған дейін енгізілген карантиндік шектеулерді кезең-кезеңмен алып тастау басталды. Бұл ретте коронавирустық инфекция (COVID-19) таралуының ағымдағы жағдайын және республикамыздың кейбір қалаларында сақталып отырған карантинді ескерудің маңызы зор. Осыған байланысты Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры бес өңірлік филиалы (Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары) мен Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалда Қордың салымшылары мен алушыларына күндізгі қызмет көрсету нысанына біртіндеп көшудің басталғанын хабарлайды.

БЖЗҚ осы филиалдарда бірқатар шектеу іс-шараларын енгізбек, атап айтсақ, азаматтарды қабылдау алдын ала жазылу бойынша жүзеге асырылады. Жазылуды enpf.kz корпоративтік сайтында екі-үш әрекетпен-ақ оп-оңай іске асыруға болады. «Электрондық сервистер» қосымша бетіне өтіп, «Қызмет алу кезегін брондау» баннерін басып, әрі қарай Сіз біздің филиалымызға келуге болатын ыңғайлы уақытты өз бетіңізше таңдай аласыз. Филиалдардың жұмыс тәртібі 9:00-ден 18: 00-ге дейін, сенбі және жексенбідемалыс күндері.

Түскі үзіліс кезінде, яғни 13:00-ден 14:00-ге дейін операциялық зал желдетуге, ылғалды шүберекпен сүртіп алуға және дезинфекциялауға/кварцтауға жабылады. Сонымен қатар жұмыс күнінің бірінші және екінші жартысында жұмыс үстелінің үстін, орындықтарды, есік тұтқаларын және т.б. дезинфекциялауға арналған 15 минуттан екі техникалық үзіліс  қарастырылған.

Қалған өңірлерде 15 маусымға дейін «БЖЗҚ» АҚ бірқатар шектеу шараларын күшінде қалдырды. Осылайша азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау, сондай-ақ халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қор бөлімшелері кеңседе жұмыс істеуге филиал бөлімшесінің штаттық санынан 50% - дан аспайтын мамандарды тарта отырып, құжаттарды байланыссыз қабылдауды жүзеге асырады.

Филиалдардың байланыссыз қызмет көрсету бойынша жұмыс тәртібі жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліс 13:00-ден бастап 14:00-ге дейін созылады. Байланыссыз қызмет көрсететін филиалдардың мекенжайлары enpf.kz сайтына орналастырылған.  

Қордың кезекші қызметкерлері алдын ала жазылу бойынша қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шаралар мен әлеуметтік қашықтық қағидаттарын сақтай отырып, электронды форматта алуға болмайтын қызметтер бойынша құжаттарды байланыссыз қабылдауды жүзеге асырады. Онлайн режимде алуға болмайтын қызметтерге мыналар жатады:

- салымшының/алушының қайтыс болуына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштерді ресімдеу (жерлеу);

- салымшының/алушының қайтыс болуына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштерді ресімдеу (мұра);

– Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштерді ресімдеу (ерекше жағдайларда, Қор қызметін тұтынушының талабы бойынша);

- зейнетақы жинақтарын «БЖЗҚ» АҚ-дан сақтандыру ұйымдарына ауыстыру туралы өтініштерді ресімдеу.

БЖЗҚ қызметінің өзге де түрлерін, мысалы, жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу, деректемелерді өзгерту, ЕЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар жасау және т. б. Сіз үйден шықпай-ақ, ENPF ұялы қосымшасы және Қордың www.enpf.kz корпоративтік сайтында орналастырылған Жеке кабинет арқылы онлайн режимінде ала аласыз (электрондық қызметтерді алу тәртібі бойынша нұсқаулықтар тиісті бөлімдерде қоса беріледі).

       Сонымен қатар Қор қызметкерлері салымшыларға (алушыларға) жинақтаушы зейнетақы жүйесі мәселелері бойынша кеңес беруге және Қордың электрондық қызметтерін алу үшін қашықтықтан көрсетілетін қызметтерді төмендегі тәсілдер арқылы қамтамасыз етуге әрқашан дайын:

1) өңірлік бөлімшелердің кезекші қызметкерлеріне телефон байланысы арқылы өтініш жасау (тізімі enpf.kz сайтында орналастырылған);

2) 1418 қысқа нөмірі бойынша Қордың байланыс орталығына жүгіну;

3) +7 777 000 14 18 телефон нөмірі бойынша WhatsApp, Viber, Facebook, ВКонтакте чат-боттары;

4) Қордың www.enpf.kz корпоративтік сайтындағы онлайн-кеңесші;

5) өтініштерді электрондық поштасы арқылы жіберу;

6) Instagram, Facebook, ВКонтакте, twitter Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік  желілердегі  аккаунттар.

      Бұған қоса БЖЗҚ-да құжаттар топтамасын Қордың корпоративтік сайтында алдын ала онлайн түрде тексеріп, кейіннен пошта байланысы ("Қазпошта" АҚ) арқылы жіберу жолымен қызмет алу да қарастырылған.

 

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

 

2.     Мен БЖЗҚ қосымшасын жүктеп алғанмын және екі-үш күн сайын жеке зейнетақы шотымнан үзінді көшірмемді қарап, тексеріп отырамын. Байқағаным, сома үнемі өзгеріп отырады, оның тек көбейіп қана қоймай, кеміп отыратын кездері де болады. Неге олай болатынын түсіндіріп беріңіздерші?

 

Үзінді көшірмеден Сіз зейнетақы жарналары мен түскен қаражатты инвестициялаудан алынған инвестициялық табыстан тұратын зейнетақы жинақтарының сомасын көресіз.

Естеріңізге сала кетейік, жеке зейнетақы шотына келіп түскен зейнетақы жарналары БЖЗҚ-да сақталып қана қоймайды, оны зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚРҰБ) түрлі қаржы құралдарына инвестициялайды. Ұлттық Банк зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесіне және БЖЗҚ инвестициялық декларациясына сәйкес инвестициялау лимиттеріне инвестициялайды.

Сіз жинақтар сомасының өзгерісін олардың зейнетақы активтерін инвестициялау нәтижелеріне сәйкес күн сайын қайта есептеліп, қайта бағаланып отыратындығынан көріп отырасыз.

Инвестициялық табыс тұрақты шама емес, сол себепті ол қысқа мерзім ішінде  оң нәтиже немесе сол нәтиже  көрсетуі мүмкін. 

БЖЗҚ салымшыларының қаражаты тәуекелдерді азайту мақсатында инвестициялау түрлері, бағыттары, оның ішінде валюталар бойынша әртараптандырылатынын есте сақтау маңызды. Мысалы, қазіргі уақытта инвестициялардың 2/3  теңгемен және 1/3  шетел валютасымен, соңғысының басым бөлігі – АҚШ долларымен номиналданады.

Сондай-ақ инвестициялық табыс құрамына бағалы қағаздар (салымдар және басқа операциялар) бойынша сыйақы, қаржы құралдарын нарықтық қайта бағалау, валюталық қайта бағалау түріндегі табыстар, сыртқы басқарудағы активтер бойынша табыстар және т. б. кіреді.

Мысал ретінде салымшылар мен алушылардың шоттарына 2020 жылы есептелінген инвестициялық табысты қарастыруға болады. Қаңтар айында таза инвестициялық табыс +28,15 млрд теңгені, ақпан айында +111,7 млрд теңгені, наурыз айында +521,8 млрд теңгені, сәуір айында – 125,6 млрд теңгені, мамырдан бастап 2 маусымға дейінгі аралықта – 102,4 млрд теңгені құрады.

          Наурыз айында инвестициялық табыстың айтарлықтай өсуі (+521,8 млрд.теңге), ал сәуір, мамыр және маусым айларының  басында инвестициялық табыстың төмендеуі  байқалады. Бірақ соған қарамастан 2020 жылдың қаңтар айынан бастап 2 маусымға дейінгі кезеңдегі инвестициялық табыстың жалпы сомасы +433,6 млрд теңгені құрап, оң нәтижеге қол жетті. 

Егер осы жылдың наурыз айы неліктен соншалықты табысты болғанын анықтағыңыз келсе, бірнеше айға кейін шегінейік және дәл наурыз айында АҚШ долларының теңгеге қатысты бағамы 1 АҚШ доллары үшін 381-ден 448 теңгеге дейін артқанын еске  түсірелік. Дәл сол кезде біз оң нәтижені көрдік. Себебі, валюталық құралдарға орналастырылған зейнетақы активтерін оң валюталық қайта бағалау зейнетақы активтері бойынша таза инвестициялық табыстың елеулі өсуіне әсер етті.

          Сәуір айында  керісінше, АҚШ долларына қатысты теңге бағамы 448 теңгеден 424 теңгеге дейін төмендеп, нығая түсті. Ұлттық валютаның нығаю үрдісі 2020 жылдың мамырында да жалғасты. АҚШ долларының құны 411 теңгеге дейін төмендеді. Маусымның алғашқы күндері ұлттық валюта бағамының 1 АҚШ доллары үшін 402 теңгеге дейін төмендеуімен сипатталды. Тиісінше, валюталық құралдарға орналастырылған зейнетақы активтерін теріс бағалау орын алып, ол өз кезегінде инвестициялық табыстың төмендеуіне ықпал етті.

Зейнетақы жинақтары – бұл ұзақ мерзімді инвестициялар және инвестициялық табыс мөлшерін кем дегенде бір жыл кезеңде талдаған дұрыс екендігіне назар аударамыз.

3.     Жақында мен өзімнің зейнетақы жинақтарымды БЖЗҚ-дан сақтандыру ұйымына зейнетақы аннуитеті шарты бойынша аудара алатынымды білдім.  Ол үшін менің шотымда қаншалықты сома болуы керек және қаражатымды сақтандыру ұйымына аударған немесе БЖЗҚ-да қалдырған жағдайда қандай төлем алатынымды білсем бола ма?  

 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының әрбір салымшысы Қордың сайтындағы ең танымал сервистердің бірі – болжамды зейнетақы калькуляторын пайдалана отырып, БЖЗҚ-дан да, сақтандыру ұйымынан да алатын өзінің болашақ зейнетақы төлемдерін дербес есептей алады. Атап айтқанда, ол Қазақстанның көп деңгейлі зейнетақы жүйесі аясындағы зейнетақының барлық құрамдауыштарын қамтиды: мемлекеттік базалық зейнетақы және жасына байланысты зейнетақы (немесе ортақ), сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) және ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптасқан зейнетақы.

Зейнетақы жинақтарының (МЗЖ, МКЗЖ және ЕЗЖ есебінен қалыптасқан) болжамды мөлшері зейнеткерлік жасқа толуға жеткілікті болған жағдайда, пайдаланушыға болашақта сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасау және зейнетақы төлемдерін өмір бойына алу мүмкіндігі туралы хабарламасы бар қалқымалы терезе пайда болады. Есептеу сақтандыру ұйымынан берілетін аннуитеттік төлемнің болжамды мөлшерін сол жерде білуге мүмкіндік береді. Осылайша Сіз оны БЖЗҚ-дан кесте бойынша берілетін төлемдермен өзіңізше салыстыруға қол жеткізе аласыз.  

Есептеу оңай және өте қарапайым. Ол үшін болжамды калькулятордағы туған күні, жынысы, еңбек өтілі, жинақтың сомасы және т. б. сияқты барлық қажетті бағандарды толтыру керек. Егер enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте тіркелген болсаңыз, онда калькулятордағы бағандар автоматты түрде толтырылады және болашақ зейнетақыңыздың есебі екі-үш рет басқанда-ақ жүзеге асырылады.

БЖЗҚ-дан берілетін болашақ төлемдеріңізді есептеу нәтижесі үш сценарийде  беріледі: пессимистік, шынайы және оптимистік. Барлық үш нұсқа кірістіліктің болжамды деңгейін ескереді. Бұл ретте барлық болжамды нәтижелер нақты құндық көріністе (болжамның тиісті кезеңінің инфляциясын шегере отырып) ұсынылады. Сонымен қатар зейнеткерлікке шығатын жасыңыз бен мерзімді, жинағыңыз таусылатын жыл санын және т. б. көре аласыз.

            Жоғарыда аталған тамаша мүмкіндіктермен қатар enpf.kz сайтында сақтандыру ұйымына аудару үшін ағымдағы жылы жинақталған зейнетақы қаражатының жеткілікті сомасын есептеу мүмкіндігі де бар. Ол үшін Сізге «Жинақтарды ӨСК-ге аудару» бағанындағы зейнетақы калькуляторы қажет болады.

 

 

4.     Төтенше жағдай кезеңінде мен 42 500 теңге мөлшеріндегі жәрдемақыны екі рет алдым, бұл менің зейнетақы шотыма қандай да бір әсерін тигізе ала ма?   

 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 42 500 теңге көлемінде берілетін әлеуметтік жәрдемақыға ешқандай қатысы жоқ. Төтенше жағдай енгізілуіне байланысты табысынан айырылған азаматтарға ең төменгі жалақы мөлшерінде берілетін әлеуметтік жәрдемақы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) беріледі.

МӘСҚ активтері – әлеуметтік аударымдардан жинақталған қаражат, ол ҚР «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңында көзделген әлеуметтік тәуекел жағдайлары туындаған кезде берілетін әлеуметтік төлемдерге арналған. Әлеуметтік тәуекел жағдайларына, мәселен, жұмысынан, еңбек ету қабілетінен, асыраушысынан айрылу, жүктілігі және босануына, жаңадан туған нәрестені (сәбиді) асырап алуына, сондай-ақ бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалысты болуына орай табысын жоғалту жатады.

Ал БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері – бұл «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңға сәйкес зейнетақы төлемдеріне арналған салымшылардың жеке зейнетақы шоттарындағы меншікті ақшасы (зейнетақы жарналары мен инвестициялық табысы).

Сонымен қатар БЖЗҚ-дағы Сіздің зейнетақы жинақтарыңыздың сақталуына мемлекет кепілдік береді. Заңның 5-бабына сәйкес, мемлекет алушыларға БЖЗҚ-дағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының инфляция деңгейiн ескере отырып, нақты енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшерінде сақталуына кепілдік береді.

 

5.     «БЖЗҚ» АҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдеріне жеке табыс салығы салына ма? Егер салынатын болса, мөлшері қандай? 

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (бұдан әрі - Заң) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабында баяндалған редакциядағы Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 320 және 326-баптарына сәйкес салық салуға жататын зейнетақы төлемдері түріндегі табыс түрлері мен зейнетақы төлемдері түріндегі табыстарға қолданылатын салық мөлшерлемесі айқындалған. 

Атап айтқанда, 320-бапқа сәйкес – Салық төлеушінің табыстарына 10 пайыздық мөлшерлеме бойынша салық салынады. Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған дивидендтер түріндегі табыстарды қоспағанда, оларға 5 пайыздық мөлшерлеме бойынша салық салынады.

326-бапқа сай – Салық салуға жататын зейнетақы төлемдері түріндегі табысқа Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жүзеге асыратын:  

       1) салық төлеушілердің:

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналары;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары;

      ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт талаптарына сәйкес ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтары;

      2) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрғылықты тұратын жерге кеткен Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғаларына;

      3) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес зейнеткерлік жасқа толмаған және Қазақстан Республикасының шегінен тыс  тұрғылықты тұратын жерге кеткен Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғаларына;

      4) жеке тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалған зейнетақы жинақтары;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамды жерлеуге арналған біржолғы төлем түрінде жеке тұлғаларға жүзеге асыратын төлемдер жатады.

 

6.     Жақында Норвегияның зейнетақы қоры туралы мақала оқыдым, олардың Қорында жұмсауға үлгере алмай жатқан орасан зор сома жиналып қалған екен, ал біздің БЖЗҚ-дағы зейнетақы активтері неге сонша аз? 

 

Салыстырудың өзі қисынсыз, өйткені өзінің атауына қарамастан Норвегия азаматтарын зейнетақымен қамсыздандыру Норвегияның мемлекеттік зейнетақы қорының бастапқы және басым міндеті болып табылмайды. Мемлекетке тиесілі бұл Қор сонымен бірге жинақтаушы және тұрақтандырушы ұйым болып табылады және оның міндеті – бюджет саласының тұрақтылығын қамтамасыз ету. Норвегия Парламентіне тиесілі Қордың мемлекеттік бюджетке жыл сайынғы транштарының зейнетақы төлемдерін қамтамасыз ету туралы қатаң нысаналы мақсаты жоқ, бұл Норвегия бюджетін қаржыландыру көздерінің бірі ғана, ал оларға бөлінетін қаражат Скандинавия елінің экономикасы мен өмірінің түрлі салаларына бағытталуы мүмкін.

МЗҚ-ның БЖЗҚ-дан тағы бір ерекшелігі, қазақстандық Қорға қарағанда норвегиялық активтер азаматтардың дербестендірілген жинақтары болып табылмайды, шын мәнінде Норвегияның ұлттық әл-ауқатын тұрақтандыру қоры болып табылады. Осылайша Норвегияның Мемлекеттік зейнетақы қорының жинақтарды қалыптастыру қағидаты мен стратегиялық мақсаттарын  қазақстандықтардың жеке зейнетақы жинақтары қалыптастырылатын БЖЗҚ-мен емес, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорымен (ол өз уақытында дәл осы норвегиялық үлгі бойынша құрылған) салыстырған дұрыс болар еді.

 

 

7.      АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

Қазақстандықтардың зейнетақы жүйесі туралы сауаттылық деңгейі арта түсті 

 

Халықтың зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржылық сауаттылығының деңгейін анықтайтын жыл сайынғы тәуелсіз әлеуметтік зерттеудің қорытындысы шығарылды.

Зерттеулерді «Стратегиялық зерттеулер орталығы» Қазақстанның 14 облысы мен республикалық маңызы бар 3 қаласының тұрғындары арасында жаппай сауалнама жүргізу әдісімен өткізді. Жалпы алғанда 3000 респондент сауалнамаға қатысты, олардың ішінде жалдамалы қызметкерлер, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және жұмыссыз адамдар бар. Респонденттердің басым бөлігі (сауалнамаға қатысқандардың 899-ы немесе 29,97%) коммерциялық бизнес саласында жұмыс істейтіндер. Одан кейінгілер өндірістік бизнесте жұмыспен қамтылғандар – 386 респондент немесе сауалнамаға қатысқандардың жалпы санының 12,87%-ы. Сұралғандардың арасында маңыздылығы жағынан үшінші топ – 368 адам немесе 12,27% болатын ауыл шаруашылығы қызметкерлері болды. Ғылым саласында қызмет ететіндердің саны ең азы болып шықты, 30 респондент немесе сұралғандардың жалпы санының 2,87%-ы өздерін осы қызмет саласына жатқызады.

Зерттеу сауалнамасы сұрақтарының негізгі дені Қазақстан халқының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржылық сауаттылығын анықтауға бағытталған 24 сұрақтан тұрды.

Сауалнаманың нәтижелері халықтың жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы сауаттылық деңгейінің жоғарылағанын көрсетті.

Қаржылық сауаттылықтың базалық деңгейі 63,4% болды (алдыңғы көрсеткіш 2018 жылы 60,2%, 2017 жылы 58,2%).

Қаржылық сауаттылықтың озық деңгейін 26,9% респондент құрады (2018 жылы 25,3%, 2017 жылы 24,7%).

Бұдан халықтың білімі мен қаржылық сауаттылық деңгейінің жылдан жылға біртіндеп өсіп келе жатқанын көруге болады.

Базалық деңгейді растау үшін бірқатар сұрақтарға жауап беру қажет болды. Атап айтқанда, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің операторы кім; БЖЗҚ функциялары; зейнетақы жарналары мен зейнетақы төлемдерінің қандай түрлері бар деген тәрізді және т. б. сұрақтар қойылды.

Базалық білім деңгейін бағалау үшін қойылған барлық сұрақтар бойынша дұрыс жауаптар үлесінің көбейгендігі байқалды.

Сонымен  зейнетақы төлемдерінің түрлері туралы дұрыс жауаптардың үлесі 37% - дан 45%  дейін, зейнетақы жарналарының түрлері туралы дұрыс жауаптардың үлесі 74% - дан 77% дейін, БЖЗҚ қызметтері туралы 52% - дан 79%  дейін, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің операторы кім болып табылатыны туралы 60% - дан  64%  дейін өсті.

Тек зейнет  жасына қатысты сауал ғана жылдан жылға респонденттер үшін қиындап бара жатқандай. Мәселен, 2017 жылы – әйелдер үшін зейнетке шығу 58 жас, ерлер үшін – 63 жас болған кезде дұрыс жауаптар үлесі 80% болған еді. Ал 2018 жылдан бастап әйелдер үшін зейнетке шығу 2023 жылы 63 жасқа толғанға дейін жыл сайын 0,5 жылға өсіп отыратын болды. Осы өзгерістерге байланысты 2018 жылы зейнеткерлік жас туралы дұрыс жауаптардың үлесі 78%  дейін, 2019 жылы 53% дейін төмендеп кетті.

Жоғары білім деңгейін бағалауға арналған сауалдар күрделірек болды: зейнетақы жинақтарын қандай ұйым инвестициялайды, жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі инвестициялық табыс, зейнетақы аннуитеті, зейнетақы жинақтарының сақталуына кепілдік, салық салу және т. б.

Осылайша зейнетақы жинақтарын инвестициялайтын ұйым туралы сауалға қатысты дұрыс жауаптар үлесі 15% – дан 30%  дейін өсті, зейнетақы жинақтарының түрлі қаржы құралдарына инвестицияланатыны және инвестициялық табыс есебінен көбейетіндігі туралы сұраққа берілген дұрыс жауаптар үлесі 35% - дан 38%  дейін, зейнетақы төлемдеріне салынатын салық туралы берілген дұрыс жауаптар 22% - дан 28%  дейін өсті.

Сауалнама нәтижелері респонденттердің басым бөлігінің БЖЗҚ-ның негізгі функциялары туралы хабардар екенін көрсетті. Бұл БЖЗҚ-ның жинақтаушы зейнетақы жүйесінде атқаратын рөлі туралы жалпы түсініктің бар екенін, сондай-ақ халықтың басым бөлігінің олардың қаржылық әл-ауқатының негізгі көзі БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы жинақтары болады деген пікірді ұстанатындықтарын білдіреді. Сауалнамаға қатысқан респонденттердің 1437-сі немесе жалпы санының 47,9% дәл осылай жауап берді. Респонденттердің 23,63%  пікірінше, мемлекет тарапынан берілетін зейнетақы – маңыздылығы жағынан екінші орында, ал басқа жинақтарға сұралғандардың жалпы санының тек 11,57% ғана сенім артады.

Респонденттер үшін жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы ақпараттың негізгі көзі БЖЗҚ-ның ресми сайты және Қордың қызмет көрсету кеңселері болып табылатыны да маңызды мәлімет. Пайыздық қатынаста бірінші әдіс сұралғандардың 29% үшін, екіншісі 23,8% үшін өзекті. Ақпарат көздері арасында таныстардан ақпарат алу 12,6% көрсеткішпен үшінші орынды иеленді. ENPF ұялы қосымшасының ақпарат көзі ретінде танымалдығы да басқа тәсілдерден еш кем емес, оның көмегімен респонденттердің 9,2% Қордың жұмысы туралы әрдайым пайдалы ақпарат алып отырады.

            Зерттеу барысында халыққа қосымша түсіндіруді талап ететін тақырыптар да анықталды. Олардың ішінде зейнетақы жинақтарының негізгі мақсаты, оларды инвестициялау және сақтау кепілдігі, өз зейнетақысын болжау мүмкіндігі, ерікті зейнетақы жарналарының мөлшері мен төлеу шарттары, бірыңғай жиынтық төлем шеңберінде міндетті зейнетақы жарналарын төлеу сияқты мәселелер бар.

            Зерттеу қорытындылары Қазақстан халқы арасында  зейнетақы жүйесі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша стратегиялық міндеттерді жүзеге асыру барысында ескерілетін болады.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

 

 

 

8.     Зейнетақыны алуға уақытылы хабарласыңыз

 

Өткен өміріне сын көзбен қарап, өзіне есеп беретін ең саналы кезең – «алтын күзді» басынан әр адам өткереді. Көпшілігіміз бұл сәтті тағатсыздана күтеміз, бірақ күнделікті күйбең тіршілікпен жүріп, бұл күн туралы мүлде ұмытып кететіндер немесе зейнетақыны ресімдеуді кейінге қалдыратындар да жоқ емес. Сондықтан зейнетақыны дер кезінде неліктен ресімдеу керектігін біз «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы Түркістан облыстық филиалының директоры С.С. Байдуановтан білген едік. 

- Самат Стаханович, зейнет жасына толған адамға қашан және қайда хабарласу керек?  

- Заңда белгіленген зейнеткерлік жасқа толуына және еңбек сіңірген демалысқа шығуына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін алушыларға тұрғылықты жері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына немесе электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы ЭЦҚ пайдалана отырып жүгіну қажет. 

- Бұл тек БЖЗҚ-дан берілетін төлемдерге қатысты ма әлде мемлекеттік зейнетақы төлемдері үшін де осындай әрекет жасалуы керек пе?   

- Бұрын бұл екі түрлі өтініш беру арқылы жасалатын: зейнетақы жинақтары төлемін алу үшін жұртшылық БЖЗҚ-ға, Мемлекеттік зейнетақы тағайындау үшін ХҚКО-ға жүгінетін. Ал 2018 жылдың қазан айынан бастап мемлекеттік бюджеттен және БЖЗҚ-дан жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындауға ХҚКО-ға бірыңғай өтініш беру бойынша «композиттік» қызмет енгізілді. 

- Бұл өте ыңғайлы екен! Мұны қай кезде жасау керек?

- ХҚКО-ға зейнетақы алу үшін берілетін өтініш пен құжаттарды зейнет жасына толғанға дейін 10 күнтізбелік күн бұрын беруге болады.    

Әсіресе бұл мемлекеттік зейнетақы алу үшін маңызды, өйткені ұсынылған құжаттар бойынша еңбек өтілін тексеру қажет, сондай-ақ, заң бойынша жасына байланысты зейнетақы мен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау өтініш берілген күннен бастап жүргізіледі. Өтініш пен қажетті құжаттар Мемлекеттік корпорацияда (ХҚКО) тіркелген күн өтініш берілген күн болып есептеледі.    

Естеріңізге сала кетейік, жасына байланысты берілетін зейнетақыны біздің елімізде жалпыға бірдей тағайындалған зейнеткерлік жасқа толған адамдар ала алады: ерлер – 63 жаста, әйелдер 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 59,5 жасқа толғанда (жыл сайын әйелдердің зейнеткерлік жасы өсе береді, ол 2027 жылы ерлердің зейнет жасымен теңескенге дейін жалғасады).

Сондай-ақ, БЖЗҚ-ға зейнетақы төлемдерін алу үшін егер мүгедектігі мерзімсіз уақытқа тағайындалған болса, бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар, БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары бар адамдар жүгіне алады. 

- Сіз бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар туралы айттыңыз, оларға да ХҚКО-ға келу керек пе? 

- Егер мүгедектігі мерзімсіз уақытқа тағайындалған болса, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін БЖЗҚ бөлімшелеріне немесе БЖЗҚ веб-сайты арқылы ЭЦҚ пайдалана отырып өтініш берулері қажет. ХҚКО-да 1 және 2 топ мүгедектігі мерзімсіз уақытқа тағайындалуына байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемін жасауға берілген өтініштер қабылданбайды.  

- БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинағы соншалықты көп емес азамат жинағын бір мезгілде бірден ала алады ма?   

- Егер жинақталған зейнетақы қаражатының сомасы өтініш берген күні республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда ғана алуына болады. 01.04.2020ж. бастап ең төменгі зейнетақы мөлшері 40 441 теңгені құрайтын болғандықтан, біржолғы төлем жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының сомасы шамамен 485 292 теңге шегінде болған жағдайда жүзеге асырылады.  

- Төлемдер бойынша статистиканың қазіргі жағдайы қандай және оларға карантиндік іс-шаралар әсерін тигізді ме?   

- 2020 жылдың басынан бастап 2020 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дан зейнеткерлік жасқа жетуіне және мерзімсіз уақытқа бірінші және екінші топтағы мүгедектік белгіленуіне байланысты жалпы сомасы шамамен 25 млрд теңге болатын 741, 5 мың төлем жүзеге асырылды.

Карантиндік іс-шаралар БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдеріне әсер етпейді, өйткені зейнетақы капиталы әр адамның бүкіл еңбек еткен уақыты бойында қалыптасты, ал төлемдер әрбір алушы үшін қатаң белгіленген кесте бойынша зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін жүзеге асырылады.

ТЖ кезеңінде мемлекет басқалармен қатар ең төменгі күнкөріс деңгейі сияқты көрсеткішті де қайтадан қарастырды; тиісінше, БЖЗҚ-дан төленетін ай сайынғы ең төменгі төлем мөлшері  КД-ның 54% төмен болмауы тиіс, яғни 16 838,82 теңгеден 17 640,72 теңгеге дейін артты. 

- Сұхбатымызды осындай оптимистік нышанда аяқтаймыз. Рахмет!

 

 

9. АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

Қазақстандықтардың зейнетақы жүйесі туралы сауаттылық деңгейі арта түсті 

 

Халықтың зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржылық сауаттылығының деңгейін анықтайтын жыл сайынғы тәуелсіз әлеуметтік зерттеудің қорытындысы шығарылды.

Зерттеулерді «Стратегиялық зерттеулер орталығы» Қазақстанның 14 облысы мен республикалық маңызы бар 3 қаласының тұрғындары арасында жаппай сауалнама жүргізу әдісімен өткізді. Жалпы алғанда 3000 респондент сауалнамаға қатысты, олардың ішінде жалдамалы қызметкерлер, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және жұмыссыз адамдар бар. Респонденттердің басым бөлігі (сауалнамаға қатысқандардың 899-ы немесе 29,97%) коммерциялық бизнес саласында жұмыс істейтіндер. Одан кейінгілер өндірістік бизнесте жұмыспен қамтылғандар – 386 респондент немесе сауалнамаға қатысқандардың жалпы санының 12,87%-ы. Сұралғандардың арасында маңыздылығы жағынан үшінші топ – 368 адам немесе 12,27% болатын ауыл шаруашылығы қызметкерлері болды. Ғылым саласында қызмет ететіндердің саны ең азы болып шықты, 30 респондент немесе сұралғандардың жалпы санының 2,87%-ы өздерін осы қызмет саласына жатқызады.

Зерттеу сауалнамасы сұрақтарының негізгі дені Қазақстан халқының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржылық сауаттылығын анықтауға бағытталған 24 сұрақтан тұрды.

Сауалнаманың нәтижелері халықтың жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы сауаттылық деңгейінің жоғарылағанын көрсетті.

Қаржылық сауаттылықтың базалық деңгейі 63,4% болды (алдыңғы көрсеткіш 2018 жылы 60,2%, 2017 жылы 58,2%).

Қаржылық сауаттылықтың озық деңгейін 26,9% респондент құрады (2018 жылы 25,3%, 2017 жылы 24,7%).

Бұдан халықтың білімі мен қаржылық сауаттылық деңгейінің жылдан жылға біртіндеп өсіп келе жатқанын көруге болады.

Базалық деңгейді растау үшін бірқатар сұрақтарға жауап беру қажет болды. Атап айтқанда, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің операторы кім; БЖЗҚ функциялары; зейнетақы жарналары мен зейнетақы төлемдерінің қандай түрлері бар деген тәрізді және т. б. сұрақтар қойылды.

Базалық білім деңгейін бағалау үшін қойылған барлық сұрақтар бойынша дұрыс жауаптар үлесінің көбейгендігі байқалды.

Сонымен  зейнетақы төлемдерінің түрлері туралы дұрыс жауаптардың үлесі 37% - дан 45%  дейін, зейнетақы жарналарының түрлері туралы дұрыс жауаптардың үлесі 74% - дан 77% дейін, БЖЗҚ қызметтері туралы 52% - дан 79%  дейін, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің операторы кім болып табылатыны туралы 60% - дан  64%  дейін өсті.

Тек зейнет  жасына қатысты сауал ғана жылдан жылға респонденттер үшін қиындап бара жатқандай. Мәселен, 2017 жылы – әйелдер үшін зейнетке шығу 58 жас, ерлер үшін – 63 жас болған кезде дұрыс жауаптар үлесі 80% болған еді. Ал 2018 жылдан бастап әйелдер үшін зейнетке шығу 2027 жылы 63 жасқа толғанға дейін жыл сайын 0,5 жылға өсіп отыратын болды. Осы өзгерістерге байланысты 2018 жылы зейнеткерлік жас туралы дұрыс жауаптардың үлесі 78%  дейін, 2019 жылы 53% дейін төмендеп кетті.

Жоғары білім деңгейін бағалауға арналған сауалдар күрделірек болды: зейнетақы жинақтарын қандай ұйым инвестициялайды, жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі инвестициялық табыс, зейнетақы аннуитеті, зейнетақы жинақтарының сақталуына кепілдік, салық салу және т. б.

Осылайша зейнетақы жинақтарын инвестициялайтын ұйым туралы сауалға қатысты дұрыс жауаптар үлесі 15% – дан 30%  дейін өсті, зейнетақы жинақтарының түрлі қаржы құралдарына инвестицияланатыны және инвестициялық табыс есебінен көбейетіндігі туралы сұраққа берілген дұрыс жауаптар үлесі 35% - дан 38%  дейін, зейнетақы төлемдеріне салынатын салық туралы берілген дұрыс жауаптар 22% - дан 28%  дейін өсті.

Сауалнама нәтижелері респонденттердің басым бөлігінің БЖЗҚ-ның негізгі функциялары туралы хабардар екенін көрсетті. Бұл БЖЗҚ-ның жинақтаушы зейнетақы жүйесінде атқаратын рөлі туралы жалпы түсініктің бар екенін, сондай-ақ халықтың басым бөлігінің олардың қаржылық әл-ауқатының негізгі көзі БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы жинақтары болады деген пікірді ұстанатындықтарын білдіреді. Сауалнамаға қатысқан респонденттердің 1437-сі немесе жалпы санының 47,9% дәл осылай жауап берді. Респонденттердің 23,63%  пікірінше, мемлекет тарапынан берілетін зейнетақы – маңыздылығы жағынан екінші орында, ал басқа жинақтарға сұралғандардың жалпы санының тек 11,57% ғана сенім артады.

Респонденттер үшін жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы ақпараттың негізгі көзі БЖЗҚ-ның ресми сайты және Қордың қызмет көрсету кеңселері болып табылатыны да маңызды мәлімет. Пайыздық қатынаста бірінші әдіс сұралғандардың 29% үшін, екіншісі 23,8% үшін өзекті. Ақпарат көздері арасында таныстардан ақпарат алу 12,6% көрсеткішпен үшінші орынды иеленді. ENPF ұялы қосымшасының ақпарат көзі ретінде танымалдығы да басқа тәсілдерден еш кем емес, оның көмегімен респонденттердің 9,2% Қордың жұмысы туралы әрдайым пайдалы ақпарат алып отырады.

            Зерттеу барысында халыққа қосымша түсіндіруді талап ететін тақырыптар да анықталды. Олардың ішінде зейнетақы жинақтарының негізгі мақсаты, оларды инвестициялау және сақтау кепілдігі, өз зейнетақысын болжау мүмкіндігі, ерікті зейнетақы жарналарының мөлшері мен төлеу шарттары, бірыңғай жиынтық төлем шеңберінде міндетті зейнетақы жарналарын төлеу сияқты мәселелер бар.

            Зерттеу қорытындылары Қазақстан халқы арасында  зейнетақы жүйесі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша стратегиялық міндеттерді жүзеге асыру барысында ескерілетін болады.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

10. АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

БЖЗҚ-дағы шоттар саны 11,6 миллион бірліктен  асты 

БЖЗҚ-ның 2020 жылдың 1 маусымындағы негізгі көрсеткіштері

 

2020 жылдың бес айының қорытындысы бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке зейнетақы шоттардың саны 1 миллион бірлікке жуық ұлғайды. Ағымдағы жылдың бірінші қаңтарында ЖЗШ саны 10 672 567 бірлікті құраса,  1 маусымда бұл көрсеткіш 11,6 миллионға (11 682 546) жетті. 

Шоттардың ең көп саны міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша ашылды, олардың саны он бір миллионнан асты, дәлірек айтқанда 11 111 389. Одан кейінгі орынды иеленген міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптасқан шоттардың саны 515 837-ге жетті. Ерікті зейнетақы жарналарының (ЕЗЖ) да саны арта түсті, БЖЗҚ-дағы мұндай шоттардың саны – 55 320.  

Жалпы шоттарда 11,7 триллион теңге зейнетақы жинақтары шоғырланған. Жыл басынан бері сома 866 миллиард теңгеге немесе  8%  ұлғайды. 

Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы МЗЖ есебінен қалыптасты және 11,4 трлн теңгені құрады. МКЗЖ бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 275,6 млрд теңге болды (жыл басынан бергі өсім 12%), ЕЗЖ бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 2,1 млрд теңгеден асты (өсім 7%). 

Салымшылардың шоттарына 2020 жылдың басынан бастап 428,2 млрд теңге көлемінде зейнетақы жарналары аударылған, бұл 2019 жылдың алғашқы 5 айындағы көрсеткіштерден 12% артық. Жарналардың жалпы көлемінің 95% астамы БЖЗҚ - ға МЗЖ түрінде аударылған түсімдердің үлесінде, оның сомасы – 408 млрд теңге, ал МКЗЖ – 20 млрд теңгеден астам, ЕЗЖ – 134 млн теңгені құрайды. 

Төлемдер 62,4 млрд теңге болды, оның басым бөлігі жасы бойынша төлемдерге (24,7 млрд теңге), ҚР-дан тыс жерлерге ТТЖ-ға кету бойынша (14,2 млрд теңге), сақтандыру ұйымдарына аударымдар (13,3 млрд теңге), мұрагерлерге (8,6 млрд теңге), жерлеуге (0,9 млрд теңге) тиесілі. 

2020 жылдың басынан бастап 1 маусымына дейінгі жағдай бойынша БЖЗҚ салымшыларының шоттарына 499 млрд теңгеден астам таза инвестициялық табыс есептелді, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 272,4 млрд теңгеге артық. Соңғы 12 айда зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция 6,7% болғанда  8,9% құрады, яғни зейнетақы активтері бойынша нақты кірістілік оң көрсеткішке ие. 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

11. АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

БЖЗҚ алушыларға 62 миллиард теңгеден аса қаржы төледі

 

2020 жылдың алғашқы бес айында Қор 209 213 алушыға төлем жасады. Тұтастай алғанда жалпы сомасы 62,4 миллиард теңгеге 794 мыңнан астам зейнетақы төлемдері мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жүзеге асырылды, оның ішінде:

- зейнеткерлік  жасқа толу бойынша төлемдер – 24,7 млрд теңге;

- ТТЖ-ға кетуге байланысты төлемдер – 14,2 млрд теңге;

- сақтандыру ұйымдарына аударымдар – 13,3 млрд теңге;

- мұрагерлік бойынша төлемдер – 8,6 млрд теңге;

- жерлеуге берілетін төлемдер – 894,1 млн теңге;

- мүгедектік бойынша төлемдер – 661,7 млн теңге.

Бұл ретте кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнеткерлік жасқа толуға байланысты) 22 393 теңгені құрап,  ең жоғарғы ай сайынғы төлем  сомасы 506 980 теңге болды. 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

12. АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

Қазақстандықтар  БЖЗҚ-дағы шоттарына 428 миллиард теңгеден аса қаржы аударды  

Салымшылардың шоттарына 2020 жылдың басынан бастап 428,2 млрд теңге көлемінде зейнетақы жарналары аударылған, бұл 2019 жылдың алғашқы 5 айындағы көрсеткіштерден 12% артық. Жарналардың жалпы көлемінің 95% астамы БЖЗҚ - ға міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) түрінде аударылған түсімдердің үлесінде, оның сомасы – 408 млрд теңге, ал міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) – 20 млрд теңгеден астам, ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) – 134 млн теңгені құрады. 

Міндетті зейнетақы жарналары бойынша заңды тұлғалар 385 млрд. теңгеден астам, жеке тұлғалардан – 21 млрд. теңге, ал бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) төлеушілерден 2 млрд. теңге аударылды. 

Өзінің жеке зейнетақы шоттарын биыл кем дегенде бір рет (2020 жылғы қаңтар – мамыр) толтырған белсенді салымшылардың жалпы саны 8,3 млн. адамнан асты. Бұл 2019 жылғы белсенді салымшылардың санынан 1,2 есе көп, ол кезде бұл көрсеткіш 6,6 млн. адам болды. 

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың бес айының қорытындысы бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке зейнетақы шоттарының саны 1 миллион бірлікке артты. Ағымдағы жылдың бірінші қаңтарында ЖЗШ саны 10 672 567 бірлікті құраса,  1 маусымда 11,6 миллионға (11 682 546) жетті. ЖЗШ ең көп ашылған ай сәуір болды, бұл айда 954 952 шот ашылды, екінші орынды мамыр айы иеленді – 52 530, одан әрі ақпан – 30 455 жаңа ЖЗШ. 

Мамыр айында өткен аймен салыстырғанда БЖТ бойынша аударылған жарналар үлесінің төмендеуі байқалды. Сәуір айында 3 миллионнан астам жарна төленді, мамыр айында БЖТ бойынша жарналар саны 317 573 бірлікті құрады. БЖТ жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей кәсіпкерлік қызметпен айналысып жүрген, сондай-ақ жалдамалы қызметкер еңбегін пайдаланбайтын, салық агенттеріне қызмет көрсетпейтін және (немесе) жеке қосалқы шаруашылық өнімдерін басқа жеке тұлғаларға сатумен айналысып жүрген (жылдық табысы 1175 АЕК-тен аспауы тиіс) жеке тұлғаларға арналған. БЖТ зейнетақы төлемін алуға және жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне қарай базалық зейнетақы төлемін алуға; міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушысы болуға; еңбек ету қабілетінен, жұмысынан, асыраушысынан айырылған, жүктілік және босануға, бала асырап алуға, 1 жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемдер алуға құқық береді.

 БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

13. АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

«БЖЗҚ» АҚ-ның салымшылары 90 пайыздан астам

қызмет түрлерін онлайн режимінде алуда  

Қазақстанның кейбір қалаларында коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына байланысты жалғасып жатқан карантинге қарамастан  Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары қызметтерді толық көлемде алуда. 

2020 жылдың 1 маусымына БЖЗҚ қызметтерінің 90% астамы электрондық форматта көрсетілді. Қазіргі заманға сай дамыған технологиялардың және Қордың ақпараттық жүйелерінің сапалы жұмысының арқасында салымшылар қызметтердің көп бөлігін үйден шықпай-ақ ала алады. 

2020 жылдың алғашқы бес айында ғана БЖЗҚ салымшыларына 8,2 миллионнан астам қызмет көрсетілді, нақтырақ айтқанда 8 264 756. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 7,3%  жоғары. Барлық қызметтердің 91,1% немесе 7,5 миллионы электрондық форматта көрсетілді. Қазіргі уақытта ең танымал қызмет жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу болып табылады: бұл қызметті 7,7 миллионнан астам салымшы таңдаған. Ол 2019 жылдың 1 маусымындағы көрсеткіштермен салыстырғанда 22,6% өсті. 7,5 миллионға жуық үзінді көшірме электронды түрде алынды.  

Естеріңізге сала кетейік, ресми сайттағы және БЖЗҚ-ның ұялы қосымшасындағы жеке кабинетте үзінді көшірмені ғана емес, БЖЗҚ ұсынатын бірқатар қызметтерді де алуға болады. Мысалы, өз деректемелеріңізге өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ЖЗШ бар екендігі туралы анықтама алу, мерзімсіз уақытқа 1 немесе 2 топтағы мүгедектік белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру, төлем жасау және (немесе) көшуге берілген өтініштің мәртебесін қадағалау және т.б. 

БЖЗҚ-ның алдына қойған міндеттерінің бірі – сапалы консультациялық қызметтер көрсету және  Қор салымшылары мен алушыларына арналған ақпараттық арналарды барынша дамыту. Осылайша ағымдағы жылдың бес айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда кері байланыс арналары бойынша салымшылар жасаған өтініштер саны шамамен екі есеге өсті. 2020 жылы 558 005 өтініш жасалса, 2019 жылдың осы кезеңіндегі өтініш саны – 253 063. 

БЖЗҚ салымшылары мен алушылары 1418 нөмірі бойынша (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін) call-орталықтан кеңес ала алады, сонымен қатар +7 777 000 14 18 нөмірі бойынша Whatsapp және Viber чат-боттары арқылы www.enpf.kz корпоративтік сайтында, Instagram, Facebook, ВКонтакте, Twitter Telegram, Одноклассники әлеуметтік желілеріндегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларында кеңес алуға болады. 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

14. АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

МЗЖ бойынша зейнетақы шоттары БЖЗҚ-да автоматты түрде ашылады

 

Қазір Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы шотын ашу рәсімі жеңілдетілді және салымшының жеке қатысуы талап етілмейді. Қазақстан Республикасының Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу үшін жеке тұлғаға ЖЗШ ашу туралы өтініш ресімдеу мақсатында БЖЗҚ-ның қызмет көрсету кеңселеріне келудің қажеті жоқ. 

Естеріңізге сала кетейік, егер жеке тұлғаның БЖЗҚ-да ашылған жеке зейнетақы шоты болмаса, онда ол бірінші жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Бұл ретте жеке тұлғаны сәйкестендіру МЗЖ аудару кезінде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректер (ТАӘ, ЖСН, туған күні) бойынша жүзеге асырылады. Ал жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжаттың деректемелері, тұрақты тұратын жері туралы барлық қажетті мәліметтерді БЖЗҚ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алатын болады.

Осылайша  ағымдағы жылдың қаңтарынан мамыр айына дейін (қоса алғанда) бірінші жарна түскен кезде автоматты түрде бір миллионнан астам шот ашылды, дәлірек айтсақ, 1 075 220 ЖЗШ. Бұл өткен 2019 жылдың сәйкес кезеңінде ашылған шоттар санынан тоғыз есе көп, ол кезде алғашқы бес айда 121 032 ЖЗШ ашылған болатын.

            Айта кету керек, ЖЗШ автоматты түрде ашылған кезде салымшыны зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы хабардар ету БЖЗҚ-ның қызмет көрсету кеңселеріне өзіңіз келіп өтініш жасаған кезде ғана жүргізіледі. Бірақ БЖЗҚ кеңселеріне келмей-ақ ыңғайлы әдіс таңдауға да болады. Ол үшін БЖЗҚ сайтындағы (www.enpf.kz) немесе ұялы қосымшасындағы (ENPF) жеке кабинетте өз жинақтарыңызды бақылау үшін Қор сайтына электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен тіркелу жеткілікті. Сондай-ақ, жеке кабинетте саусақтың бір-екі қимылымен Сіз ЖЗШ-дан үзінді көшірмені ғана алып қоймай,  зейнетақы активтері бойынша ағымдағы көрсеткіштерді, шарттардың деректемелерін және т.б. көре аласыз.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Қазақстандағы цифрлық телевидение

images/Habarlandru/2.jpg

We have 20 guests and no members online

Байланыс желілері

Қазығұрт ауданы әкімі аппаратының байланыс желілері

 

Блог

Армысыздар, Түркістан облысының  Қазығұрт ...
Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Green Red Radian
Select menu
Google Font
Body Font-size
Body Font-family