wrapper

Жаңалық

Қазығұрт ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Қазығұрт ауданы әкімінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ:

ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ:

  Қазақтың ұлы ақыны, ұлттық жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы, ағартушы Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының 175 жылдық мерекесі құтты болсын ! 

Абай – ақын, Абай – дана. Қазақтың ортақ мақтанышына айналған халқымыздың ұлы перзенті, ақын, философ, ғұлама Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай мемлекет көлемінде және халықаралық деңгейде, өткізілетін болады. Абай өз ғұмырының ақырына дейін қазақ балаларын оқуға, білім-ғылыммен айналысуға, рухани дамуға және әлемдік мәдениеттің құндылықтарын бойға жинауға шақырғанын білеміз. Дана ақын келер ұрпақты «жүрегімнің қуаты, перзенттерім» деп бағалайды. Айтылған сөз, жазылған жауһар ойлар бірінші кезекте соларға бағытталады. Жат мінез-құлықтан аулақ болудың нақты жолдарын меңзейді. «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: Әуелі – надандық, екінші – еріншектік, үшінші – залымдық деп білесің» – деп толғайды ұлы ғұлама. Замана атты ұлы күштің, феодализм дәуірінің құрсауында қалып қоймай, ұлы бабамыз ұлтының бүгіні мен ертеңіне, болашағына алаңдады. Ол туған халқын қараңғылықтың бұғауын бұзып, жарқын күндердің шуағына бөленетін жолдарды іздестіруге шақырды, тіршілік мақсаты мен мұраты ілім мен ғылымда деген берік тоқтамға келді.

 

Қазығұрт ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Толығырақ

ДӘРІХАНАЛАРДАҒЫ БАҒАЛАР БАҚЫЛАУДА

ДӘРІХАНАЛАРДАҒЫ БАҒАЛАР БАҚЫЛАУДА

 

Бүгін,  Қазығұрт аудан прокуратурасының прокуроры Олжас Хайруллаев, АПБ-нің бастығы Арман Ақшораев, аудан әкімінің орынбасары Серік Тұрсынқұлов,  Тауарлармен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысы Кулизат Үсіпбекова, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Аян Көшкінбай, Қазығұрт ауыл округі әкімі Садықов Қайрат,  «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің аудандағы жетекшісі  Ырсалы Перизат Қазығұрт ауылының орталығында орналасқан дәріханалардың жұмыстарына, санитарлық нормалардың сақталуы мен дәрілік заттардың өткізілуі және шектік бағаның сақталуына, дәріханалардың рұқсаттары (лицензиясы) бар немесе жоқтығын анықтау бойынша мониторинг жұмыстары жүргізілді.

Толығырақ

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН СОҢҒЫ ЕМДЕЛУШІ ЖАЗЫЛЫП ШЫҚТЫ

Ордабасы аудандық орталық ауруханасының коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарға арналған инфекциялық бөлімі қазір бос тұр. Мұнда емделген соңғы емделуші ауруынан толық сауығып шыққан. ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Нұржан Әлтаев бастаған республикалық "Қоғамдық бақылау" өкілдері аудандық ауруханада болып, жағымды жаңалыққа куә болды. Түркістан облысындағы көптеген дәріханалар мен ауруханалардағы ахуалмен және медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайларымен танысып, ұсыныстарын тыңдады.

 

Жалпы, Ордабасы аудандық орталық ауруханасы 120 мың халыққа қызмет көрсетеді. Ауданда коронавирус инфекциясын жұқтырған 158 науқас тіркелген. Оның ішінде 2 азамат қайтыс болды. Емделушілер толық жазылып шыққан. Пневмония ауруы да азайып, провизорлық госпитальдың төсек-орын саны 40 орынға қысқарған. Қазір аталған індетпен 21 науқас ем қабылдауда.

Солардың бірі 80-ге таяған Мырзабай Оңлабек. Ауруханаға дем жетпей, ауыр халде түскен ақсақал жағдайының жақсарғанын айтады. Дәрігерлерге айтар алғысы шексіз.

 

Аудандық аурухана 9 өкпені жасанды желдету аппараты және 70-тен астам төсек-орын оттегімен қамту жабдықтарымен қамтамасыз етілген. Жеке оттегі жеткізу орталығы орнатылған. Дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Бір ай бұрын құрылған 17 мобильді топ 1 мыңға жуық науқасқа үйлеріне барып, ем көрсеткен. "Қоғамдық бақылау" өкілдері аурухананың инфекциялық және провизорлық бөлімдерін аралап, жедел-жәрдем көлігінің және зертхана жағдайларымен танысып шықты.

 

Республикалық "Қоғамдық бақылау" өкілдері бұдан соң Түркістан қалалық орталық ауруханасын аралады. Осыған дейін Орал, Талдықорған, Алматы облысы мен Шымкент қалаларында болған. Басты мақсат - медициналық ұйымдардың ахуалы мен дәріханалардағы баға тұрақтылығын қадағалау және медицина қызметкерлерінің ұсыныс-пікірлерін тыңдап, қолдау көрсету.

Толығырақ

Қазақстандағы цифрлық телевидение

images/Habarlandru/2.jpg

We have 17 guests and one member online

Байланыс желілері

Қазығұрт ауданы әкімі аппаратының байланыс желілері

 

Блог

Армысыздар, Түркістан облысының  Қазығұрт ...
Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Green Red Radian
Select menu
Google Font
Body Font-size
Body Font-family