wrapper

Жаңалық

Қазығұрт ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Қазығұрт ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Қазығұрт ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың iстерi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссиясы мәжілісі өткізілді.

Қазығұрт ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың iстерi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссиясы мәжілісі өткізілді. Комиссия отырсын Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары С.А.Тұрсынқұлов жүргізіп отырады.

Комиссия отырысына республикалық «REFRAME» тұлғалық дамыту орталығының директоры Вероцская Гулжан Ералықызы, Білім және ғылым министірілігінің өкілі Несипбаев Мақсат Касымалаұлы, Түркістан облысының кәмелетке толмағндар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия хатшысы Қырықбаев Мекенхан Қозыханұлы, аудандық полиция бөлімі, тиісті аудандық бөлім басшылары, аудандық білім бөліміне қарасты мектеп директорлары, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар, психологтар қатысты.

    Комиссия отырысының күн тәртібінде: 

Кәмелетке толмаған балалар арасында өзіне-өзі қол салу фактілерінің алдын-алу және аутодеструктивті мінез-құлығы бар балалармен атқарылған жұмыстар туралы республикалық «REFRAME» тұлғалық дамыту орталығының директоры Вероцская Гулжан Ералықызы, Қазығұрт аудандық білім бөлімінің бас маманы Бөрібай Сәуле Байсабекқызы атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады. 

Кәмелетке толмаған балалар арасында және оларға қатысты құқық бұзушылық пен зорлық зомбылықтың алдын-алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің басшысы Ақшораев Арман Оңғарбайұлы, Зорлық зомбылық алдын алу бойынша Қазығұрт аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры Перизат Ырсалыға Сәбитханқызы атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады

          Комиссияда айтылған ұсыныстар мен сұрақтарға комиссия төрағасы мен тиісті сала басшылары жауап берді. 

          Қорытындылай келе аудандық білім бөлімне, аудандық полиция бөліміне және жастар ресурстық орталығының басшыларына тиісті тапсырмалар берілді. 

Толығырақ

ТҮРКІСТАН: КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫН АНЫҚТАЙТЫН ЖАҢА ЗЕРТХАНА АШЫЛДЫ

Түркістан облысында коронавирус инфекциясының ықтимал белең алу жағдайлары ескеріле отырып, емдеу мекемелерінде жұмыс жоспары бекітілген. Жалпы, медициналық ұйымдарда 6000-ға жуық төсек орны қарастырылған. Облыстағы медициналық мекемелердің пандемияның болуы мүмкін екінші толқынына дайындық барысымен танысу мақсатында БАҚ өкілдеріне арналып пресс-тур ұйымдастырылды. Айта кетерлігі, аудан-қалалардағы ауруханалардың материалды-техникалық базасы жақсартылып, өкпені жасанды желдету аппараттар саны 65 пайызға артқан. Сонымен қатар, 80 оксиген аппараты алынып, оттегі концентраторларының саны 900 бірлікке жеткен. Бұдан өзге, аурухана аймақтарынан салынған оттегі станциялары екі есеге артқан.

Емдеу мекемесін толығымен оттегімен қамтамасыз ететін станцияның бірі Кентау қалалық орталық ауруханасында орнатылған. Аурухана жаңадан ашылған гемодиализ орталығы, компьютерлік томография, сандық рентген аппараты, жаңа үлгідегі УДЗ мен зертханалық диагностикалық аппараттарымен жабдықталған.

«Індеттің бірінші толқынында орын алған кемшіліктерді болдырмау үшін бүгінде барлық тиісті жағдайлар жасалуда. Атап айтсақ, 2-3 айға жететін ауруға қарсы қолданылатын дәрі-дәрмек қоры жасақталды. Қажетті құрал-жабдықтар жеткілікті деңгейде алынды. Енді облыстық медициналық жедел-жәрдем қызметі жыл соңына дейін қосымша 120 көлікпен қамтылатын болады. Шалғай ауылдарға 12 жылжымалы медициналық кешен алынуда», – деді облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов.

Сонымен қатар, Арыс қалалық орталық ауруханасында да Covid-19 инфекциясымен күрес жұмыстары қолға алынған. Медициналық ұйым жеке қорғаныс киімдері мен дәрі-дәрмектің екі айлық қорымен қамтамасыз етілген. Жансақтау бөлімінде 9 өкпені жасанды желдету аппараты, қосымша оттегі оксигенераторлары және басқа да қажетті медициналық құрал-жабдықтар орнатылған. Сондай-ақ, коронавирус инфекциясымен күреске жұмылдырылған 19 мобильді топ халыққа қызмет көрсетуде.

Ал Ордабасы аудандық орталық ауруханасында коронавирус инфекциясын анықтайтын зертхана іске қосылған. ПТР сынамасы бойынша анықтайтын зертхана тәулігіне 500-ге жуық тест қабылдауға мүмкіндігі бар. Алдағы уақытта Арыс қаласы мен Бәйдібек аудандарынан сынама қабылдау жоспарлануда. Түркістан облысы бойынша мұндай 12 зертхана жұмыс істеуде. Сонымен қатар, ауданда ескі аурухана ғимараты толық күрделі жөндеуден өткізіліп, 100 төсек орынды провизорлық, 10 орынды обсервациялық бөлім ашылған. Қазіргі таңда емдеу мекемесі жеке оттегі станциясы, 23 өкпені жасанды желдету аппаратымен жасақталған.

Айта кетейік, аймақта бүгінде жалпы 23 429 медицина қызметкері бар. Оның 5000-нан астамы дәрігерлер, қалғандары орта буын мамандары. Ақ халатты жандардың ерен еңбегінің арқасында өңірде қауіпті індетті жұқтырған 3331 науқас толық жазылып шыққан. Жалпы, пандемия белең алғалы облыста Covid-19 инфекциясы расталған 3395 жағдай тіркелді. Олардың 2355-де ауру симптомсыз өткен.

Толығырақ

ТҮРКІСТАНДА БАСПАНАҒА СҰРАНЫС АРТТЫ

Карантин режиміне қарамастан облыс орталығында құрылыс жұмыстары тоқтаған жоқ. Атқарылып жатқан жұмыстарды өз көзімен көріп шыққан облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев ең алдымен тұрғын үйлердің сапасына мән берді. Құрылысты дер кезінде аяқтауды міндеттеді.

Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталығындағы 3 мыңға жуық пәтерлі 7 қабатты 24 тұрғын үйдің 22-ің құрылысын аяқтауы қараша айына жоспарланған. Бұған қоса, 12 қабатты 45 тұрғын үйдің қабырғасы көтерілуде. Бұл үйлерді пайдалануға беру 2021 жылға жоспарланған. Түркістандықтарды баспанамен қамтамасыз ету үшін ипотекалық тұрғын үйлердің қатары артпақ.

Құрылысы қарқын алған әлемде теңдесі жоқ «Керуен Сарай» туристік кешенінде Шығыс базары, этникалық үлгідегі мейрамханалар мен қонақ үйлер салынуда. Көпсалалы сарайда көне шығыс театры, ұлттық дәмханалар, жасанды көлдер, саябақтар салу жоспарда. Шеберлер көшесінде кәдесыйлар сататын шеберханалар сап түзейді.

Түркістан қаласының орталығындағы «Желілік саябақ», «Аттракциондар саябағы», «Оқушылар сарайы», «Конгресс орталығы», «Жабық бассейні бар спорт сарайы», «Орталық стадион» және «Қ.А.Ясауи мұражайы», «Драматеатр» ғимараттары биыл ел игілігіне берілетін болады. Бұдан өзге, облыс орталығындағы рухани-мәдени орталықты абаттандыру мақсатында ірі жобалар қолға алынып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Толығырақ

Қазақстандағы цифрлық телевидение

images/Habarlandru/2.jpg

We have 15 guests and no members online

Байланыс желілері

Қазығұрт ауданы әкімі аппаратының байланыс желілері

 

Блог

Армысыздар, Түркістан облысының  Қазығұрт ...
Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Green Red Radian
Select menu
Google Font
Body Font-size
Body Font-family