
Электронды үкімет жаңалықтары (19)

- Жұма, 15 Қаңтар 2021
- Электронды үкімет жаңалықтары
- Written by Қазығұрт ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Мобильді азаматтар базасы (МАБ) – eGov қызметтерін пайдаланушының жеке мәліметтері жинақталып, сақталатын база.
Құрметті достар! Мобильді азаматтар базасы (МАБ) – eGov қызметтерін пайдаланушының жеке мәліметтері жинақталып, сақталатын база. Азаматтардың жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) базаға енгізілген телефон нөмірімен байланысты болады. Сәйкесінше, базаға тіркелген азаматтар eGov-тың мобильді қосымшасы мен Telegram бот арқылы мемлекеттік қызметтерді онлайн ала алады. eGov порталына ЭЦҚ-сыз бір реттік пароль арқылы кіруге болады.
Мобильді азаматтар базасына Қазақстанның жеке куәлік алған (16 жастан асқан) азаматтары тіркеледі.
Егер сізге ЭЦҚ алу керек болса, не болмаса порталға бірретік жасырынсөз арқылы кіру керек болса, сізден ұялы телефоныңыздың мобильді азаматтар базасында(МАБ) тіркелуі талап етіледі. Бұл базада тіркелу оп-оңай, әрі халыққа берер артықшылықтары көп! Мәссаған, сіз тіркелмегенсіз бе? Мақала біткенше дәлқазір тіркеліп кетіңіз:
1️⃣ Egov.kz порталына кіріңіз
2️⃣ Оң жақ төменгі бұрыштан «Виртуалды ассистентке» басыңыз
3️⃣ Камера батырмасына басып, бейнетүсірілімге рұқсат беріңіз
4️⃣ Байланысқа шыққан операторға жеке куәлігіңізді көрсетіңіз
5️⃣ ЖСН нөміріңізді, телефон нөміріңізді, телефонға келіп түскен бір реттік кодты хабарлаңыз
6️⃣ Сіз тіркелдіңіз! Мобильді базада тіркеу сізге egovkzbot2.0 телеграм-ботын, egov mobile қосымшасын және проактив қызметтерін пайдалануға мүмкіндік береді.
Толығырақ
- Сейсенбi, 24 Қараша 2020
- Электронды үкімет жаңалықтары
- Written by Қазығұрт ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпараттық хабарлама «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы соңғы ай ішінде азаматтарға қоңырау шалып, өзін ХҚО қызметкерімін деп таныстырып, қарызын төлеуді немесе тексеріс үшін жеке басының мәліметтерін сұрайтын алаяқтардың әрекеті
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы соңғы ай ішінде азаматтарға қоңырау шалып, өзін ХҚО қызметкерімін деп таныстырып, қарызын төлеуді немесе тексеріс үшін жеке басының мәліметтерін сұрайтын алаяқтардың әрекеті жиілеп кеткенін ескертеді.
Келеңсіз жайттарды болдырмау үшін мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің ешкімге қоңырау шалмайтынын, борышкерлердің мәліметтер базасын көре алмайтынын және коллекторлық компаниялардың жұмысына еш қатысы жоқтығын хабарлайды. «Азаматтарға арналған үкімет» пен қызмет алушылар арасындағы кез келген байланыс 1414 нөмірінен жолданатын SMS хабарлама түрінде ғана болуы мүмкін, азаматтарға брондау, құжаттар мерзімінің аяқталуы, құжаттың дайын болғаны немесе композит қызметтеріне қатысты хабарламалар жолданады.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы тұрғындарға мұқият болып, жеке деректерді үшінші тұлғаларға таратпауға кеңес береді. Аталған мәселе бойынша алаяқтардың әрекетінен зардап шеккендер құқық қорғау органдарына хабарласа алады.
Толығырақ
- Сейсенбi, 24 Қараша 2020
- Электронды үкімет жаңалықтары
- Written by Қазығұрт ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Достар, біз бүгін #қысқаданұсқа айдарында ХҚО-дағы жеңілдік терезесі туралы ақпарат бермекпіз.
Арнайы терезеден қызметті кімдер ала алады:
Көп балалы аналар
Зейнеткерлер
Мүмкіндігі шектеулі азаматтар
Аталған топқа кіретін азаматтар кезекті онлайн брондау барысында Жеңілдік терезесін таңдауы тиіс!
ХҚО-да бұл азаматтар портал арқылы онлайн көрсетілетін және қағаз (жеке куәлік пен паспорттан өзге) жүзінде рәсімделетін қызметтерді ала алады.
️Мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен 65 жастан асқан зейнеткерлердің ХҚО қызметкерін үйлеріне 1414-ке қоңырау шалу арқылы шақырта алатынын ескертеміз.
Күндеріңіз сәтті өтсін!
Толығырақ
- Сейсенбi, 24 Қараша 2020
- Электронды үкімет жаңалықтары
- Written by Қазығұрт ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау
Егер сіз бала кезінен бірінші топтағы мүгедектігі бар азаматқа күтім жасап отырған болсаңыз, онда жәрдемақы рәсімдеуге толық құқылысыз. Біз бүгінгі #oqy&toqy айдарымызда бұл жәрдемақыны ХҚО арқылы рәсімдеу жолын көрсетпекпіз.
Тіркелген жеріңіз бойынша ХҚО-ға кезекті алдын-ала брондаңыз
Тіркеу бөліміне белгіленген уақыттан 20 минутқа ерте келіп, броныңызды растап, жеңілдік терезесіне талон алыңыз
Операторға келесі құжаттарды тапсыру арқылы қызметке өтініш қалдырыңыз:
Қызмет алушы мен мүмкіндігі шектеулі азаматтың жеке куәліктері
Егер мүмкіндігі шектеулі азамат іске қабілетсіз болып танылған болса, онда оның заңды қамқоршысының құжаттары
Егер сенімді өкілі жүгінсе, оның нотариалды расталған сенімхаты
Егер оралман мәртебесі бар болса, онда оны растайтын құжат
Қызмет алушының бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке қамқоршы ретінде белгіленгенін растайтын құжат
Мүмкіндігі шектеулі азаматтың мүгедектігі туралы сараптама орталығының анықтамасы
Жәрдемақы аударылатын есепшот жайлы банк анықтамасы
Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – Байқоңыр қаласының тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы
ХҚО-ға қызметті рәсімдеу үшін, I топтағы мүгедек іске қабілетсіз болса, онда оның заңды өкілі немесе қамқоршысы келеді. Ал іске қабілетті болып табылған азамат өзі келуі қажет.
⏰Қызмет көрсету уақыты – құжат тапсырған күнді есепке алмағанда 7 жұмыс күні
☝️Ескерту, құжаттарды толықтыру немесе басқа да өзгерістерге байланысты жәрдемақы тағайындау уақыты 30 күнге дейін ұзартылуы мүмкін
Жәрдемақы мөлшері – 45736 теңге
☝️Ескерту, бұл жәрдемақы, I топтағы мүгедектігі бар кәмелет жасына толған, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың күтушілеріне тағайындалады.
Толығырақ

- Сейсенбi, 24 Қараша 2020
- Электронды үкімет жаңалықтары
- Written by Қазығұрт ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Енді ХҚКО-да мемлекеттік қызметтерге баж салығын QR-кодтың көмегімен төлеуге болады.
Жаңа аптаны жағымды жаңалықпен бастаймыз. ХҚКО-ларда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге баж салығын төлеу үшін кассаға кезекке тұрудың қажеті жоқ.
Halyk Bank, Сбербанк, АТФ Банк, Қазпошта және Activ ұялы операторы мобильді қосымшалары арқылы QR-кодтың көмегімен орныңызда отырып-ақ, лезде төлем жасай аласыз.
ОЛ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
1️⃣ Төлем жасау үшін ХҚКО менеджерінен QR код алу;
2️⃣ Мобильді қосымшалардың бірі арқылы осы кодты сканерлеу;
3️⃣ төлеу
#сақтаңыз #бөлісіңіз #жазылыңыз
Толығырақ
- Сейсенбi, 24 Қараша 2020
- Электронды үкімет жаңалықтары
- Written by Қазығұрт ауданы әкімінің баспасөз қызметі
ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҒЫН ҚАЛАЙ ТЕКСЕРУГЕ БОЛАДЫ?
Сіздерді білмейміз, бірақ біздің осы ☝️жағымды жаңалықтан кейін зейнетақы жинағанымызда қанша ақша бар екенін тексергіміз келді.
Зейнетақы қорында қанша ақша жиналғаны сіздерге де қызық болса, мұны өте қарапайым және бірнеше жолмен тексере аласыз:
1️⃣ EGOV ПОРТАЛЫ АРҚЫЛЫ
Бұл үшін осы сілтемеге өтіңіз. Мұнда әр қадамы егжей-тегжейлі көрсетілген бейне нұсқаулық ұсынылған.
2️⃣ "EGOV MOBILE" МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫ АРҚЫЛЫ
"Қызметтер" бөлімінде "Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту" тармағын таңдап, "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірісті ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат" түймесін басыңыз.
3️⃣ БЖЗҚ САЙТЫ АРҚЫЛЫ
Толығырақ
- Сейсенбi, 24 Қараша 2020
- Электронды үкімет жаңалықтары
- Written by Қазығұрт ауданы әкімінің баспасөз қызметі
НЕЛІКТЕН ЖЕКЕ КУӘЛІКТІ, ТӨЛҚҰЖАТТЫ ЖӘНЕ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІН ЖАРАМДЫЛЫҚ МЕРЗІМІ АЯҚТАЛҒАНҒА ДЕЙІН АУЫСТЫРҒАН АБЗАЛ?
Өйткені ХҚКО-ға бармай-ақ, EGOV порталы арқылы онлайн ауыстыра аласыз. Бұдан басқа құжаттың мерзімі өткені үшін сізге әкімшілік айыппұл салынбайды.
Бірақ кейде құжаттың мерзімі аяқ астынан аяқталуы мүмкін (қыс мезгіліне дайын болмаған коммуналдық қызметкерлер сияқты). Бұған жол бермеу үшін енді сізге бір ай бұрын SMS-хабарлама келеді (осындай хабарламаны коммуналдық қызметкерлерге де жіберсе ғой)
Әрине бәріне емес, тек мобильді азаматтар базасында тіркелгендерге ғана.
Толығырақ
- Сейсенбi, 24 Қараша 2020
- Электронды үкімет жаңалықтары
- Written by Қазығұрт ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Мобильді азаматтар базасында тез тіркелу жолы мен оның қаншалықты ыңғайлы
1️⃣ Егер сізде ЭЦҚ болмаса:
- egov.kz сайтына кіріп, ондағы "ВИРТУАЛДЫ АССИСТЕНТ" түймесін басыңыз. Ол сайттың төменгі оң жақ бұрышында орналасқан.
- әрі қарай "ҚОҢЫРАУ" - "ХҚКО" - "БЕЙНЕ ҚОҢЫРАУ" түймесін рет-ретімен басыңыз.
Осылайша жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін оператормен байланыса аласыз. Оған өзіңіздің жеке куәлігіңізді, ЖСН, телефон нөмірін және сізге жіберілетін СМС-құпиясөзді көрсетесіз. Бар болғаны осы. Сіз базаға тіркелдіңіз.
2️⃣ Егер сізде ЭЦҚ болса (онда тіптен оңай)
- egov.kz. сайтындағы Жеке кабинетіңізге кіріп, ұялы телефоныңыздың нөмірін тиісті бағанға жазыңыз.
- өз ЭЦҚ-ыңызбен қол қойыңыз.
МОБИЛЬДІ АЗАМАТТАР БАЗАСЫНА НЕ ҮШІН ТІРКЕЛУ КЕРЕК?
✔️ тіркелгеннен кейін сіз ЭЦҚ-ны пайдаланбай-ақ 90-ға жуық мемлекеттік қызметті онлайн ала аласыз.
✔️ өзіңізге қажетті анықтамаларды әлеуметтік желілердегі мессенджерлер арқылы ала аласыз
✔️құжаттарыңызды қолдану мерзімінің аяқталуы туралы сізге хабарлама жіберіледі
✔️ құжаттар мен анықтамалардың дайын екені туралы СМС-хабарлама жіберіледі
Толығырақ