wrapper

Жаңалық

Аудан жаналықтары

Мемлекеттік қызметті электрондық түрде баламасыз алу тәжірибесі бойынша семинар өткізді

Қазығұрт аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында Түркістан облысы әкімдігінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі Түркістан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен, аудан әкімі аппараты және «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ облыстық филиалы Қазығұрт ауданы ХҚКО мамандары, дербес бөлімдер қызметкерлері мен ауылдық округтердің мамандары үшін мемлекеттік корпорацияның (ХҚКО) фронт офистеріне бармай мемлекеттік қызметті электрондық түрде баламасыз алу тәжірибесі бойынша семинар өткізді. Семинарда аудан әкімі аппаратының ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімшесінің бас инспекторы Е.Нұрлыбек хабарлама жасап, «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ облыстық филиалы Қазығұрт ауданы ХҚКО HR менеджері К.Жамалбекова тыңдаушыларға eGov mobile жүйесін жүктеу, электронды цифрлық қолтаңба кілтерін алу, оны жаңалау жолдары, mGov, телеграмм-бот, бір реттік пароль арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу жолдарын көрсетіп, оқыту өткізді. Семинар барысында туындаған сұрақтарға жауаптар берілді. Семинарға аудандағы дербес бөлімдердің, ауылдық округтері әкімі аппараттарының мамандары және мекемелердің азаматтық қызметшілері қатысты.
Аудан әкімі аппаратының ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімшесі.

Толығырақ

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНА ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ.

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНА ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ.

Қазақстандағы «Азия даму банк» директоры Джованни Капаннелли Қазығұрт ауданына арнайы жұмыс сапарымен келді. Өңіріміздегі индустриалды аймақтың тыныс – тіршілігімен іс-жүргізу барысына шолу жасап, «Көрік ШҚ» ЖШС және «Бірлік АШК» өндірістік кооперативінің жұмысымен танысты.

Іссапардың негізгі мақсаты: Агроөнеркәсіп кешенін инвестициялау және қолдау көрсету.

Толығырақ

АУЫЛДЫҢ БІРЛІГІ, ЖАСТАРДЫҢ ҚАЙЫРЫМДЫ ТІРЛІГІ

АУЫЛДЫҢ БІРЛІГІ, ЖАСТАРДЫҢ ҚАЙЫРЫМДЫ ТІРЛІГІ

Еріктілер жылы қарсаңында Қақпақ ауыл округінің ерікті жастары жалғыз басты Ақбалаева Қазына апайдың үй шаруасына көмектесіп, қора-қопсысын тазалап, отындарын шауып, күл-қоқыстардан тазартып берді. Ауыл әкімі Заитов Мақсат Тастанұлы Қазына апайдың қал-жағдайын сұрап, бір сыпыра азық-түлік таратып берді. Қазына апай жастардың бұл игі ісіне өз разылығын білдіріп, алғысын айтып шығарып салды.

Толығырақ

АУДАН ӘКІМІНІҢ ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ.

Аудан басшысының қабылдауында болған тұрғындар әкімге өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, олардың шешу жолдарын бірге табуға мүмкіндік ала алады.  Қазығұрт  ауданының әкімі Төлеген Телғараев  кезекті рет азаматтармен жеке қабылдау   барысында қазығұрттықтардың   отбасылық жағдайлары мен әлеуметтік мәселелерге  жәрдемдесуге қатысты сауалдар  қойылды.     Аудан басшысы азаматтардың барлық өтініштер мен ұсыныстарын мұқият тыңдап шығып, заңнама аясында түсінік беріп, жекелеген сауалдар бойынша тиісті мекеме басшылары мен  ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар берді.  

Толығырақ

Қазақстандағы цифрлық телевидение

images/Habarlandru/2.jpg

We have 21 guests and no members online

Байланыс желілері

Қазығұрт ауданы әкімі аппаратының байланыс желілері

 

Блог

Has no content to show!
Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Green Red Radian
Select menu
Google Font
Body Font-size
Body Font-family
http://www.zoofirma.ru/