wrapper

Жаңалық

Түркістан қаласында көлік нөпірі көбейгендіктен, кептелісінің алдын алу мақсатында бірқатар көшелер кеңейтіліп, тағы біразы жөндеуден өтіп, бірнеше жаңа жолдар төселмек. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев құрылысы басталған Ясауи көшесінің жобасымен танысты. Мемлекет қазынасынан керекті қаражат бөлінген жаңа жолдың айналасына жолаяқ төселіп, жан-жағы жасыл желекке оранбақ. Аймақ басшысы жаңа көшенің құрылысын жүргізіп жатқан мердігер мекеменің басшылығына жол салу технологиясының талаптарын қатаң ұстануды талап етті. Арнайы жұмысшы топты басқарған Өмірзақ Естайұлы шаһарда салынған су арналары мен гүлзарларды аралап көрді. Қаладағы экологиялық ахуалды тұрақтандырып, қолайлы климат қалыптастыру мақсатында шаһарды айнала «Жасыл белдеу» құрылған. Төрт жыл ішінде 4 млн түп көшет отырғызылып, көше қала ну орманға айналмақ. Аймақ басшысы Түркістан қаласындағы теміржол вокзалын аралап көріп, жаңадан соғылатын гүлзар мен вокзал аймағындағы абаттандыру жұмыстарының жобасымен танысты. Теміржол вокзалының айналасында күрделі жөндеу жүрігізіліп, жолдар жаңадан төселеді. Сонымен қатар, Өмірзақ Шөкеев Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің айналасы абаттандыру жобасын тексерді. Бұл шешім Дүниежүзілік мұра мәселелері жөніндегі ЮНЕСКО отырысында қабылданған болатын. Қазір құрылыс аумағы тегістеліп, тазартылуда. Түркістан облысының әлемдік деңгейде мәдени дамуын, халықаралық туризмді дамыту мен сақтау және Ұлы Жібек жолының дәстүрлі қолөнерін жандандыру көзделген.

Пікір қалдыру

Қазақстандағы цифрлық телевидение

images/Habarlandru/2.jpg

We have 20 guests and no members online

Байланыс желілері

Қазығұрт ауданы әкімі аппаратының байланыс желілері

 

Блог

Has no content to show!
Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Green Red Radian
Select menu
Google Font
Body Font-size
Body Font-family
http://www.zoofirma.ru/