wrapper

Жаңалық

Түркістан қаласында күрделі жөндеуден кейін толықтай жаңа кейіпке енген «Жеңіс саябағы» пайдалануға берілді. Жаңа демалыс орнының салтанатты ашылуына облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев қатысып, қала тұрғындары мен қонақтарын құттықтады. «Тегі бір, тарихы ортақ түркі елдерінің түп қазығы киелі шаһарымыз - Түркістан шаһары күн санап көркейіп келеді. Жаңа жыл қарсаңында ел игіліне берілген жаңа саябақ аз ғана уақыттың ішінде жаңа кейіпке еніп, тас жолдар төселіп, айналасы абаттандырылды. Сәні мен сәулеті келіскен нысан енді халық серуендейтін сүйікті мекенге айналары сөзсіз. Баршаңызға қуанышты бөлісуге келгендеріңіз үшін алғыс айтамын. Келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. Келер жыл да халқымызға құт-береке, бейбітшілік, жанұяларыңызға шаттық әкелсін! Ынтымақ пен бірлік аясында еліміздің одан әрі дамуы жолында біркісідей еңбек етейік», - деді облыс әкімі. Біраз жылдар қаңырап бос тұрған үлкен аумақ, аз ғана уақыттың ішінде адам танымастай жаңаша кейіпке енді. Күрделі жөндеуден өткен «Жеңіс саябағында» көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, 3000 шарты метрге гранитті төсегіштер төселді. 2500 ағаш отырғызылып, айнала толық түрлі – түсті шамдармен жарықтандырылған. Шахматтық дизайнда құрғақ фонтан салынып, тас жолдар төселіп, жастарға арналған заманауи скейт - парк пен футбол алаңы іске қосылды. «Жаңа жыл-жарқын бастама» атты ерекше думанды кешке ұласқан мерекелік кеште еліміздің танымал әншілері Қайрат Нұртас, Қайрат Түнтеков, Сара Амангелді мен «Сарын», Alem Band топтары өнер көрсетті.

Пікір қалдыру

Қазақстандағы цифрлық телевидение

images/Habarlandru/2.jpg

We have 19 guests and one member online

Байланыс желілері

Қазығұрт ауданы әкімі аппаратының байланыс желілері

 

Блог

Has no content to show!
Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Green Red Radian
Select menu
Google Font
Body Font-size
Body Font-family
http://www.zoofirma.ru/