wrapper

Жаңалық

Соңғы жаңалықтар

МЕЙІРЖАН МЫРЗАЛИЕВ: ӨТКЕН ЖЫЛДЫ ЖЕМІСТІ АЯҚТАДЫҚ

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев өңірдегі кәсіпкерлік, инвестициялар және экспорт, туризм, табиғат қорғау салалары бойынша 2019 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылап, баспасөз жиынын өткізді.

Жиын барысында Мейіржан Иябайұлы өткен жылы нәтижелі жұмыстар атқарылғанын мәлімдеді.

Айтуынша, өткен жылы облысымызға тартылған инвестициялар 442 млрд. теңгені құрады, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 39%ға жоғары.

«Біздің өңір соңғы жылы инвестиция тарту орталығына айналды. 2018 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда облыс инвестициялардың өсу қарқыны бойынша Республика деңгейінде 14-орыннан 2-орынға көтерілді», деді Мейіржан Иябайұлы.

Сонымен қатар, 2019 жылдың 11 айында Түркістан облысының экспорт көлемі 632,1 млн. АҚШ долларын құрағандығын, экспорт географиясы айтарлықтай кеңейтіліп, бүгінде экспорт нарықтарының саны 36-ға жеткенін мәлімдеген әкім орынбасары, үстіміздегі жылы бұл бағытта жұмысты одан да күшейтетінін тілге тиек етті.

Сондай-ақ, Түркістан облысында 141 992 шағын және орта кәсіпкерлік субъекті жұмыс істейді. Аталған көрсеткіш бойынша облысымыз Республика бойынша екінші орында тұрғанымен, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен 450 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өндірісі көлемі бойынша Түркістан облысы 1 орынға көтерілді.

Облыс әкімінің орынбасары экономикалық көрсеткіштермен қатар, облыстағы туризм саласындағы жетістіктерді де атап өтті.

«Жалпы өткен жылы Қ.А.Яссауи кесенесіне келген келушілер саны 1,5 миллионды құрады. Бұл көрсеткішті 2025 жылы 5 млн-ға жеткізу жоспарға қойылған. Бұл Түркістан қаласының туристік әлеуетінің, оның ішінде тарихи-мәдени мен мінәжат ету туризмінің әлеуетінің жоғары екендігін көрсетеді және бұл көрсеткішті 2025 жылы 5 млн. келушіге жеткізуді көздеп отырмыз»,деді.

Айта кету керек, жалпы облыс бойынша 168 қонақ үй, 51 шипажай,60 демалыс базасы қызмет көрсетеді.

Облыс аумағында экологиялық, тарихи-танымдық туризм бағытында 57 туристік маршрут әзірленген.

Қазіргі таңда, Түркістан қаласында орналастыру орындарын халықаралық талаптарға сәйкестендіру үшін қонақ үйлер күрделі жөндеуде өткізілуде.

Мейіржан Иябайұлының айтуынша, Түркістан қаласында туристерге толық ақпарат ұсынатын «Визит орталықтың», «Ұлы Жібек жолының ұлттық дәстүрлі қолөнер орталығының», халықаралық әуежайдың, «Яссауи мұражайының» және т.б. нысандардың құрылысы жүргізілуде.2020 жылы Х.А.Яссауи мұражайы, «Ұлы Дала Елі» орталығы, Конгрес холл, Драма театры, әуежай, Атракциондықалалық саябақ іске қосылатын болады.

Өз кезегінде, облыс әкімдігі мұндай масштабты құрылыстарды жүргізу барысында қаланың тарихи көрінісін сақтап қалуды басты мақсат етіп отыр.

Толығырақ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА БАҒДАРЛАМА ЖАСАҚТАЛУДА

Бұл туралы облыс әкімдігінде Өмірзақ Шөкеевтің төрағалық етуімен өткен аппарат жиналысында ортаға салынды. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысында жаңа бағдарлама пайда болды. «Қамқорлық» аймақтық бағдарламасы өңірде өмір сүріп жатқан көмекке аса мұқтаж жандарға демеу болмақ. Бұл шара мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақы мен көмектен бөлек жүзеге асады. Тұрмыс тауқыметін тартқан мұндай отбасыларға жан- жақты қамқорлық көрсету арқылы, кедейліктің шеңберінен шығуға мүмкіндік береді. Олармен аудан, ауыл әкімдері тікелей жұмыс жүзгізетін болады.

Жоқшылықта өмір сүріп жатқан жандарға жергілікті қазынадан елімізде бекітілген ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшеріндегі қаражат бөлініп, отбасының еңбекке қауқары бар мүшелері жұмысқа тартылады. Оларды анықтау үшін арнайы комиссия құрылмақ. Оның құрамына ауыл ақсақалдары мен жергілікті белсенділер де қосылады. Аталған шараға демеушілер де атсалысады. Жиында облыс басшысы көмекке аса зәру жандардың аяқтан тұруын бақылауда ұстап, ондай отбасыларды жеке аралайтынын қадап айтты.

Мәжіліс барысында «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы жайлы айтылып, облыстың білім саласындағы бірқатар мәселелер талқыланды. Өңірде дарынды балаларға арналған 8 ауданда мектеп ашу мәселесі шешілуде. Бес колледж «Жас маман» жобасына еніп, оларды негізгі құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге республикалық бюджет есебінен 1,6 млрд. теңге қаржы бөлінген. 3 колледж сенімгерлік басқаруға берілуде. Мектеп оқушыларының саны жыл сайын 20 мыңға артады. Осыған орай бірқатар аудандарда жаңа білім ұясын салу мәселесі өзекті. Компьютермен қамтамасыз ету жағы да шешуді талап етеді. Сондай-ақ, мектептерде қосымша білім беру мақсатында спорт үйірмелері мен Оқушылар сарайлары ашылады. Аймақ басшысы барлық аудан әкімдеріне білім саласына көңіл бөліп, маңызды мәселелерді шешуді тапсырды.

Толығырақ

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ КӨПБАЛАЛЫ АНАНЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жеке өтініші бойынша көпбалалы ананы қабылдады. Жеті баланың анасы Дина Айтимбетова аймақ басшысымен кездесуге Арыс қаласынан арнайы келген.

«Алтын алқа» иегері барша арыстықтар мен өз отбасының атынан алғысын арқалай келгенін айтты. Көпбалалы ана аз ғана уақыт ішінде қаланың қайта құрылып, ажарлануына атсалысқаны үшін аймақ басшысына үлкен алғысын жеткізді. Сондай-ақ, кездесу барысында өз үйінің жанында орналасқан бос жерге жатақхана салып, жеке кәсіп ашпақ жоспарымен де бөлісті.

Облыс басшысы қабылдауға келген батыр ананың бастамасын қолдады. Өмірзақ Естайұлы өңірде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін жасалып жатқан мүмкіндіктер жайлы атап өтті. Кездесу соңында аймақ басшысы жауаптыларға тиісті тапсырмалар берді.

Толығырақ

ТҮРКІСТАНДА КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРГЕ ГАЗ БЕРІЛДІ

Түркістан қаласында 4 көпқабатты тұрғын үйге газ беріліп, 64 отбасы қуанышқа кенелді. Облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев тұрғындармен кездесіп, халықты қуанышты жаңалықпен құттықтады.

Облыс әкімінің орынбасары көптен бері өзекті мәселеге айналған газдандыру жұмыстары оң шешімін тауып келе жатқанын айтты.

«Бұл көпқабатты үйлерге газ құбыры 5 жыл бұрын тартылып қойған. Белгілі себептермен аяқталмай қалған мәселе өз шешімін тауып отыр. Облыс басшысы Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен бүгінде газдандыру жұмыстары жүйелі түрде жүруде. Жалпы газбен қамту жұмыстары 11 кезеңнен тұрады. Бүгінде оның 7 кезеңі сәтті іске асырылды», – деді Мейіржан Иябайұлы.

Қазіргі таңда облыс әкімінің тапсырмасы аясында 104 тұрғын үйге көгілдір отын жеткізілген. Жақын күндері қосымша тағы 150 үйге газ жеткізіледі. Жоспарға сәйкес жыл соңына дейін Түркістан, Кентау қалаларын 100 пайыз газбен қамтылатын болады.

Толығырақ

ТҮРКІСТАН: МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ САРЫАҒАШТАҒЫ КӘСІПОРЫНДАРДЫ АРАЛАДЫ

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері Сарыағаш ауданына іссапармен келді. 5 қаңтардан бері өңірді аралап, сайлаушылармен жүздескен халық қалаулылары бұл жолы екі топқа бөлініп, халық тығыз орналасқан ауданның тыныс-тіршілігімен танысты.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Құдайберген Ержан, Уәлихан Қайназаров және Мұхтар Ерман Сарыағаш ауданы, Жібек жолы ауылындағы «Агротур» шаруа қожалығында болды. 2018 жылы құрылған шаруа қожалығында түркиялық технология қолданылады. Мұнда түрлі көкөністердің көшеттері өсіріледі. Дән себу жұмысы автоматтандырылған. Шаруа қожалығының басшысы Тұрсын Тасходжаевтың айтуынша, өңірдегі жылыжайлар осында көкөніске алдын-ала тапсырыс береді. 10 адам жұмыспен қамтылған бұл жылыжайда қызанақ та өсіріледі.

Шаруа қожалығының жұмысын жоғары бағалаған депутаттар Түркістан облысында ауыл шаруашылығын дамытуға мүмкіндік мол екенін айтты. Осында кәсіпкерлермен жүздескен заң шығарушы орган өкілдері жуырда қолданысқа енгізілген заңдар еліміздің дамуына оң серпін беретінін жеткізді. Ұстаздардың мәртебесін көтеру, көпбалалы отбасыларға жаңа форматта тұрақты жәрдемақы беру, аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек беру ережелері жақсара түскенін, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасындағы міндеттер нақты жүзеге аса бастағанын мәлімдеді. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті медициналық сақтандыруды енгізу жұмысы басталғаны, партияның «Ауыл – ел бесігі» жобасының маңыздылығы да айтылды.

Жұмыс орындарын ашу, кәсіпкерлікті дамыту, ауыл шаруашылығын жандандыру, қолданысқа енгізілген жаңа заң баптары Сарыағаш ауданы, Дарбаза ауылындағы «Фирма Сакен» ЖШС аумағындағы кездесуде де сөз болды. Осында ауыл тұрғындарымен жүздескен депутаттар Байділдә Жылқышиев, Сәкен Қаныбеков және Мансұрхан Махамбетов мемлекет тарапынан қолға алынған бастамалар жөнінде пікір алмасты. Кәсіпкерлікті, ауыл шаруашылығын жандандыруға бағытталған жеңілдіктер мен субсидиялар жайы да әңгіме арқауына айналды.

Бүгінде 600-ге жуық ірі қара мал, 2 мыңнан астам уақ мал асырап отырған «Фирма Сакен» ЖШС 20 адамды жұмыспен қамтыған. Жылына 700 тоннадан астам өнім өндіреді. Облыс тұрғындарын сүт және сүт өнімдерімен қамтуға үлес қосып отырған кәсіпорынның аудан экономикасында орны бар. Депутаттар Сарыағаш қаласындағы 5 қабатты 13 тұрғын үйдің құрылыс барысымен танысты. "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында құрылысы 2018 жылы басталған үйлер биыл пайдалануға беріледі. Сонымен бірге депутаттар "Жібек жолы" кеден бекетінің жұмысымен танысты.

Осылайша, ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері Түркістан облысы аумағын түгел аралап, жаңа заң баптарын түсіндірумен қатар өңірдегі өзекті проблемалармен танысты. Осы іссапарлар барысында анықталған мәселелер ҚР Парламентінде талқыланады деген жоспар бар.

Толығырақ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 110 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОТБАСЫНА 70 МЛРД. ТЕҢГЕДЕЙ АӘК ТӨЛЕНДІ

2020 жылы мемлекет тарапынан аз қамтылған және көп балалы отбасылар тобына атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәртібі жайында елеулі мемлекеттік бастамалар ұсынылды. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаевтың басқаруымен өткен баспасөз – мәслихатында айтылды.

2019 жылдың қорытындысымен Түркістан облысында 109,6 мың отбасындағы 632,5 мың адамға 70,8 млрд.теңге бөлініп, атаулы әлеуметтік көмек төленді. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 3 есеге артты.

АӘК алушы еңбекке жарамды 43 мыңдай адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде 6690 адам кәсіпкер ретінде тіркеліп, өз ісін ашты.

2020 жылдың 1 қантарынан бастап АӘК бойынша негізгі өзгеріс – көпбалалы жанұяларға бөлек жәрдемақы тағайындалды. Бұл, табысына қарамастан төленетін жәрдемақы. Ол баланың санына қарай сараланып, мөлшері бекітіледі. «Мемлекет шынайы мұқтаж жандарға ғана көмектеседі. Бұл – мемлекетіміздің әлеуметтік саладағы негізгі ұстанымы. Бірінші кезекте балаларға және көп балалы отбасыларға жәрдемдеседі. «Көп балалы отбасы – аз қамтылған отбасы деген стереотиптен алынып тасталынады.

Еліміз бойынша 367 мың көп балалы жанұяларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындалған. Оның ішінде, 90 мыңнан астамы - Түркістан облысының тұрғындары.

Ал, еңбекке қабілетті азаматтар жұмыс істеуі керек. АӘК алып отырған отбасының еңбекке жарамды мүшесіне ыңғайлы әрі мамандығына сай жұмыс ұсынылады. Егер жұмыстан бас тартатын болса, бүкіл жанұяға берілетін АӘК тоқтатылады. Мемлекет жұмысқа орналасуға немесе кіші бизнеспен айналысуға септігін тигізеді. Қабылданған заңнамалық актілер аз қамтамасыз етілген адамдарға көмек көрсетудің атаулылығын, айқындылығын және әділдігін қамтамасыз етуге, оларға еңбекке жаңа ынталандырулар беруге, нәтижесінде тек мұқтаж адамдарға ғана көмектесуге бағытталған, - деп атап өтті.

Өкінішке орай, 2019 жылы АӘК алушылар қатарында табысын жасырған отбасылардың болғаны жасырын емес. Мұқтаждықты анықтау тәртібі заң жобасына сәйкес жүргізілмек. Жаңа тәртіпке сай, учаскелік комиссия тексеру жүргізу және қорытынды жасауды бұрынғыдай 3 күнде аяқтамайды, 7 күн жүргізеді», - деді Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева.

Сондай-ақ, барлық АӘК алушы отбасылардағы балаларға заттай қолдауды қамтитын кепілдендірілген пакет беріледі. Бұл жүйелі де ашық түрде жүргізіледі. Балалар ыстық тамақпен, гигиеналық құралдармен, мектеп құрал-жабдықтар және киім-кешекпен қамтылып, жол ақысы өтелетін болады. Биыл учаскелік комиссиялар жұмысы мен жауапкершілігі күшейтіледі.

Жалпы, 2020 жылы облыста 50 мыңға жуық отбасыны 35,6 млрд. теңгеге атаулы әлеуметтік көмектің жаңа моделімен қамту жоспарланып отыр.

Толығырақ

МӘМС БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ШТАБ ЖЕТЕКШІЛЕРІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА ЖОҒАРЫ БАҒА БЕРДІ

Түркістанда ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Қамалжан Надыров бастаған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша өңірлік штабтың көшпелі отырысы өтті. Медицина саласындағы жаңашылдықтың жүзеге асуын талқылауға облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов пен Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев қатысты.

Жаңа жылдан елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жұмысын басталғаны белгілі. Қазақстандықтар биылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында тіс дәрігеріне жеке емханада тісін тегін емдете алады. Одан бөлек тегін дәрі-дәрмекке қол жетімділік арта түспек. Түркістан облысына биыл амбулаториялық тегін дәрі-дәрмектің 400-ге жуық түрі жеткізіледі.

Жаңа жүйе ауыл медицинасын дамытуға да үлкен қолдау болмақ. Техника жаңартылып, алғашқы санитарлық көмек пен жедел –жәрдем қызметін қаржыландыру артпақ. Денсаулық сақтау вице-министрінің айтуынша, басты мақсат сапалы медициналық көмек көрсету болуы тиіс. Облыстық медициналық ұйымдар өз кезегінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға толығымен дайын.

Түркістан облысы халқының 91,6% - ы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен қамтылған. Түркістан облысының «МСҚ» КЕАҚ филиалы 2020 жылға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша40 мемлекеттік және 35 жеке меншік медициналық ұйымдармен келісім - шартқа тұрған.

Толығырақ

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ – ТҮРКІСТАНДА

Түркістан облысына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары жұмыс сапарымен келді. Байділдә Жылқышиев, Мансұрхан Махамбетов, Уалихан Қайназаров, Құдайберген Ержан, Сәкен Қаныбеков және Мұхтар Ерман облыс әкімінің бірінші орынбасары Қосман Айтмұхаметовпен кездесті. Кездесу барысында өңірдің дамуы, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы сөз болды. Парламент өкілдері Түркістан қаласының ажары ашыла түскенін айтып, құрылыс барысына оң бағаларын берді. Депутаттар облыс орталығын аралап, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының «Open spase» форматындағы қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмысымен танысты. Партия қызметкерлерімен, фракция мүшелерімен кездесіп, тұрғындардың талап-тілектері жөнінде пікір алмасты. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған, биыл қолданысқа енгізілген бірнеше жаңа заң жобалары туралы ой бөлісті. Өңірдің тыныс-тіршілігімен танысуға арнайы келген депутаттар бір апта бойы аудан, қалаларды аралап, фракция мүшелерімен, сайлаушылармен кездеседі. Осыған дейін халық қалаулылары Төлеби ауданындағы бірқатар әлеуметтік маңызды нысандарды аралады. Сондай- ақ, жергілікті халықпен кездесіп, ҚР Парламент Мәжілісінде қабылданған заңдар, енгізілген өзгерістер мен толықтырулар төңірегінде ой өрбітті. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде айтылған өзекті мәселелер, «Nur Otan» партиясының жұмысын жаңғырту жолында атқарылуы тиіс жұмыстар, міндетті әлеуметтік сақтандыру, жастар кадрлық резерві, жоғарғы оқу орындарын оңтайландыру мәселелерін түсіндірді. Сонымен қатар, 2020 жылдан бастап берілетін атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы сөз етілді. Жиынға қатысушылар ашық әңгіме барысында толғандыратын сұрақтарына толыққанды жауап алды.

Толығырақ

Қазақстандағы цифрлық телевидение

images/Habarlandru/2.jpg

We have 20 guests and no members online

Байланыс желілері

Қазығұрт ауданы әкімі аппаратының байланыс желілері

 

Блог

Has no content to show!
Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Green Red Radian
Select menu
Google Font
Body Font-size
Body Font-family
http://www.zoofirma.ru/